О реорганизации республиканского государственного специализированного предприятия на праве хозяйственного ведения «Карагандаликвидшахт»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации республиканского государственного специализированного предприятия на праве хозяйственного ведения «Карагандаликвидшахт»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 10.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2017 109679_219134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000045
- ЭКБ идентификаторы
- 109679
- Редакция идентификаторы
- 109679_219134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:13
0 «Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
мамандандырылған кәсіпорнын
қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны (бұдан әрі –«Қарағандышахтатарату» РММК) қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Мыналар:
«Қарағандыкөмір» бұрынғы өндірістік бірлестігінің шахталары мен көмір тіліктері қызметінің салдарларын жою;
таратылған шахталардағы газ ахуалын, гидрогеологиясын және су басу деңгейлерін мониторингтеу;
таратылған объектілерді (діңгектерді, шурфтарды, ұңғымаларды) зерттеп-қарау;
серіктестіктің қызмет бейіні бойынша жер жұмыстары серіктестік қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгiне серіктестіктің мемлекеттiк қатысу үлесіне иелiк ету және оны пайдалану құқығын берудi;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 10 ақпандағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қарағанды облысы» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-17-жолмен толықтырылсын:
«214-17. «Қарағандышахтатарату» ЖШС».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-12-жолмен толықтырылсын:
«20-12. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
3 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
«9. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын.
4
4. «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 551-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 53, 54, 55, 56-жолдармен толықтырылсын:
«
53
«Қарағандыкөмір» бұрынғы өндірістік бірлестігінің шахталары мен көмір тіліктері қызметінің салдарларын жою
39000
54
Таратылған шахталардағы газ ахуалын, гидрогеологиясын және су басу деңгейлерін мониторингтеу
39000
55
Таратылған объектілерді (діңгектерді, шурфтарды, ұңғымаларды) зерттеп-қарау
39000
56
Жер жұмыстары
43121
».