Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан

Бұйрық · № 705 · қабылданған 30.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109698/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 705 ·30.12.2016
01.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 705 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
705
Қабылданған күні
30.12.2016
Көрсетілген редакция
01.04.2020 109698_456081.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014768
ЭКБ идентификаторы
109698
Редакция идентификаторы
109698_456081
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:32

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

2

2) «Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларында:
3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу (бұдан әрі – Есепке алу) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміндегі адамдарды әкімші кандидатурасын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай есепке алу үшін енгізіледі.
4. Уәкілетті орган Есепке алуды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, осы Қағидаларға қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің Бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
5. Хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізіліміне енгізілгені және (немесе) тізілімнен алып тасталғаны туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге қызметінің басталғаны туралы хабарламаны берген және (немесе) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күні енгізіледі. Әкімшілер қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей енгізіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Заңның 12 бабының 10-тармағымен көзделген жағдайларда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен оңалтуды және банкроттықты басқарушылар өздерінің өкілеттіктерін орындаудан:
1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталғаны туралы хабарламаны алған;
2) әкімшіден арыз түскен;
3) кредиторлар жиналысының хаттамасы түскен;
4) тексеру актісі шығарылған күннен бастап екі күні ішінде шеттетіледі.»;
көрсетілген қағидалардың Әкімшінің қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органда тіркелген адамдардың бірыңғай тізілімі, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар өзінің біліктілігін уәкілетті орган бекітілген Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларына сәйкес әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізіліміне деректер енгізілген күнінен бастап әрбір үш жыл сайын арттырып отырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Теңгебаев А.М.) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа баслымдарына ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Уақытша және банкроттықты басқарушыларға төленетін негізгі сыйақының мөлшерлері

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 705 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 183 бұйрығына
2-қосымша
Уақытша және банкроттықты басқарушыларға төленетін негізгі
сыйақының мөлшерлері
Р/с

Шарттар
Негізгі сыйақының мөлшері
1.
Уақытша басқарушы
1)
Банкроттық туралы іс қозғалған күні активтері жоқ борышкер
1 ЕТЖ
2)
Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі
15 АЕК
3)
Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі
20 АЕК
4)
Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі
25 АЕК
2.
Банкроттықты басқарушы
1)
Банкрот деп танылған күні активтері жоқ борышкер
1 ЕТЖ
2)
Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі
25 АЕК
3)
Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі
30 АЕК
4)
Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі
35 АЕК
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
ЕТЖ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы.

2 Хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізілімі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 705 бұйрығына
2-қосымша
Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды
есепке алу, оңалтуды және
банкроттықты басқарушыларды
тағайындау және шеттету қағидаларына
қосымша
Нысан
Хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізілімі

Әкім­ші­нің аты, те­гі, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН )
Әкім­ші қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға құқы­ғы бар адам­дар ха­бар­ла­ма­ла­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген кү­ні
Әкім­ші ре­т­ін­де жұ­мыс тә­жи­ри­бе­сі
Ағым­да­ғы жы­лы оңал­ту­шы рә­сім­де­рі жү­зе­ге асы­ры­лып жа­тқан бо­рыш­кер­лер­дің са­ны
Ағым­да­ғы жы­лы оңал­ту рә­сім­де­рі аяқ­тал­ған бо­рыш­кер­лер­дің са­ны
Ағым­да­ғы жы­лы аяқ­тал­ған оңал­ту рә­сім­дер­дің нәти­жі­сі (мақ­сат­қа қол жет­кіз­ді/ жет­кіз­бе­ді)
Жұ­мыс өті­лі (жыл)
Оңал­ту және банк­рот­тық рә­сі­мі аяқ­тал­ған бо­рыш­кер­лер­дің негіз­гі қыз­мет тү­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Ағым­да­ғы жы­лы банк­рот­тық рә­сім­де­рі жү­зе­ге асы­ры­лып жа­тқан бо­рыш­кер­лер­дің са­ны
Ағым­да­ғы жы­лы банк­рот­тық рә­сім­де­рі аяқ­тал­ған бо­рыш­кер­лер­дің са­ны
Ағым­да­ғы жы­лы аяқ­тал­ған банк­рот­тық рә­сім­дер­дің нәти­же­сі
Кре­ди­тор­лар­дың мә­лім­де­ген та­лап­та­ры­ның со­ма­сы (мың тең­ге)
Кре­ди­тор­лар­дың өтел­ген та­лап­та­ры­ның со­ма­сы (мың тең­ге)
Кре­ди­тор­лар­дың өтел­ген та­лап­та­ры­ның пай­ы­зы
банк­рот­тық рә­сім­де­рін өт­кі­зу мер­зі­мі (жыл)
Банк­рот­тық рә­сім­дер ба­ры­сын­да­ғы тү­сім со­ма­сы (мың тең­ге)
Әкім­ші­лік шы­ғы­стар­ды жа­бу­ға жі­бе­рі­л­ген со­ма (мың тең­ге)
банк­рот­тық рә­сім­дер ба­ры­сын­да­ғы тү­сім­нен алын­ған әкім­ші­лік шы­ғы­стар­дың пай­ы­зы
10
11
12
13
14
15
16
17
18
кестенің жалғасы
Ағым­да­ғы жы­лы, тек­се­ру және ка­ме­рал­дық ба­қы­лау нәти­же­сі, оның ішін­де ша­ғым­дар бой­ын­ша оңал­ту және банк­рот­тық рә­сім­дер ба­ры­сын­да жі­бе­рі­л­ген бұ­зу­шы­лық­тар
анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар бой­ын­ша әкім­ші­ні әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тқа­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы де­ректер
19
20
21

Қолданыстағы