Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Қаулы · № 1 · қабылданған 13.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109701/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении перечня работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором Күшін жойған Қаулы ·№ 1 ·13.01.2017
15.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Күшін жойған Қаулы ·№ 1 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
13.01.2017
Көрсетілген редакция
15.05.2019 109701_406927.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17KE004137
ЭКБ идентификаторы
109701
Редакция идентификаторы
109701_406927
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:26

0 Мемлекеттік сатып алуды

ұйымдастыруды және өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге
асыратын жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсау, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындылығын арттыру мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2 2. "Қаражал қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлім" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Мұқашеваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Қаражал қаласы әкімдігінің

2017 жылғы «13» қаңтардағы
қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Рет
№-і
Атауы
1.
Жұмыстар:
1.1.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау
1.2.
қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді- мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу
1.3.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық - сметалық құжаттама жасау не бар жобалық - сметалық құжаттаманы түзету
1.4.
қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге жобалық - сметалық құжаттама жасау не бар жобалық – сметалық құжаттаманы түзету
2.
Қызметтер:
2.1.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
2.2.
қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді - мекендердің көшелерін күрделі жөндеу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

Қолданыстағы