Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию твердых бытовых отходов по Каракиянскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию твердых бытовых отходов по Каракиянскому району
- Атауы (қаз.)
- Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7/84
- Қабылданған күні
- 16.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2019 109709_417144.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MD003271
- ЭКБ идентификаторы
- 109709
- Редакция идентификаторы
- 109709_417144
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:26
0 Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Байбузов Болат Шаңдыұлы
____________________
16 қаңтар 2017 жыл
4 Қарақия аудандық мәслихатының 2017
жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 шешіміне
1 қосымша
Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер
№
Атауы
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
(ҚҚС жоқ)
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері
1 м³
1457
Жеке тұлғалар
1 адам/айына
115
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге және кәдеге жаратуға тарифтер
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері
1 м³
1955
Жеке тұлғалар
1 адам/айына
115
3
Елді мекендердің аумағынан, көшелерден, шағын аудандардың арасынан және қоғамдық орындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер (санитарлық тазалықты қамтамасыз ету)
1 м³
20955,31
Ескерту:
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.
5 Қарақия аудандық мәслихатының 2017
жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 шешіміне
2 қосымша
Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды
жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері