Об определении единого организатора государственных закупок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении единого организатора государственных закупок
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/1
- Қабылданған күні
- 12.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2019 109743_401664.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KH004142
- ЭКБ идентификаторы
- 109743
- Редакция идентификаторы
- 109743_401664
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:26
0 Мемлекеттік сатып алудың
бірыңғай ұйымдастырушысын
анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.
2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
3
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының қолданымдағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына ұсынуын қамтамасыз етсін.
4 4. «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі орынбасары Л. Д. Буравкоға жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Шахтинск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 12 қаңтардағы
№3/1 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілген
қызметтердің тізбесі
№
Атауы
1
Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2
Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салуға және салынғанын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу