Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства энергетики Республики Казахстан

Қаулы · № 63 · қабылданған 14.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109764/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства энергетики Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 63 ·14.02.2017
14.02.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства энергетики Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 63 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства энергетики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
63
Қабылданған күні
14.02.2017
Көрсетілген редакция
14.02.2017 109764_219137.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000063
ЭКБ идентификаторы
109764
Редакция идентификаторы
109764_219137
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:11

0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің

кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

1 1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, көмір өнеркәсібі, атом энергиясы, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономиканы» дамыту мемлекеттік саясатын бақылау салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.»;

2 2) 15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, көмір өнеркәсібі, атом энергиясын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;»;

3 3) 16-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) газ және газбен жабдықтау саласындағы, мұнай операцияларын жүргізу, жер қойнауын пайдалану және мұнай тасымалдау, магистральдық құбыр салаларында, электрмен жабдықтау және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау саласында, жабдықтарды жобалау, салу, оларды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы