Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования

Қаулы · № 66 · қабылданған 14.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109765/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования Қолданыста Қаулы ·№ 66 ·14.02.2017
15.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования

Қолданыста Қаулы ·№ 66 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования
Атауы (қаз.)
Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
66
Қабылданған күні
14.02.2017
Көрсетілген редакция
15.09.2025 109765_782519.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000066
ЭКБ идентификаторы
109765
Редакция идентификаторы
109765_782519
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:11

0 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 494-құжат);

2 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 227-құжат).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді.

3

3. Ерекше мәртебе – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің орнықты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін мәртебесі.

4 4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

2 2-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкiлеттiгi

5 5. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабында айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асырады және құзыреттерге ие болады.

Бұл ретте ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өз бетінше айқындай алады, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор дәрежесін бере алады;

3 3-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру

6 6. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы:

1 1) ғылыми-педагогикалық әлеуетті, оқу-материалдық базаны және инновациялық білім беру технологияларын тиімді пайдаланудың негізінде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тұрақты жоғары деңгейіне кепілдік береді;

2 2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әрбiр білім алушысының, оқытушысының және қызметкерiнің жеке басының бiлiм, рухани, мәдени және зияткерлік дамуы үшін барынша жағдайлармен қамтамасыз етеді;

3 3) оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға, ғылыми қызметтің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми, білім беру және өзге де көрсетілетін қызметтерден түсетін қаражат пен кiрiстердi тиiмдi пайдалануды жүзеге асырады;

4 4) әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде жоғары білімнің, ғылымның, техника мен технологиялардың дамуына жүйелі түрде мониторинг жүргізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне енгізу үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.

4 4-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландыру

7

7. Арттыру коэффициенті заңнамада айқындалатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,2 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.
Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.
Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 3,5 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.

8 8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5-ке дейін арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Лауазымдық айлықақыға арттыру коэффициентінің нақты мөлшері лауазым санаттарына қарай сараланып белгіленеді және оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры бекітеді.

9 9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5 арттыру коэффициенті қолданылып айқындалады.

Қолданыстағы