Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета, в городе Абай Абайского района, поселке Акжал Шетского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета, в городе Абай Абайского района, поселке Акжал Шетского района
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақжал кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 04/01
- Қабылданған күні
- 17.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2017 109829_158394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17K0004148
- ЭКБ идентификаторы
- 109829
- Редакция идентификаторы
- 109829_158394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:25
0 Абай ауданы Абай
қаласының, Шет ауданы
Ақжал кентінің есепке алу
аспаптары жоқ тұтынушылар үшін
жылумен жабдықтау бойынша
коммуналдық қызметті тұтыну
нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақжал кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің энергетика, коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдайлар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қарағанды облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
«17» қаңтардағы
№ 04/01қаулысымен
бекітілген
Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақжал
кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар
үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық
қызметті тұтыну нормалары
№
р/с
Тұтынушылар санаты
Жылумен жабдықтаушы ұйымның атауы
Өлшеу бірлігі
Мағынасы
1
Орталықтандырыл ған жылумен жабдықтауға қосылған Абай қаласының тұтынушылары
«Абайлық жылу жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория/
шаршы метр
0,0340
2
Ақжал кентінің қазандығынан жылынатын Ақжал кентінің тұтынушылары
«Электржабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория/
шаршы метр
0,0410