О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам пенсионного обеспечения и регулирования рынка ценных бумаг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам пенсионного обеспечения и регулирования рынка ценных бумаг
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 258
- Қабылданған күні
- 28.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2023 109843_639414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014727
- ЭКБ идентификаторы
- 109843
- Редакция идентификаторы
- 109843_639414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:23
0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және
бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2 2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы, Тізбенің 7-тармағының 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________________Д. Абаев
2016 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
____________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» __________
9 Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қазандағы
№ 258 қаулысына
қосымша
Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1
2 2. «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылау жасауды кастодиан:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясымен;
3) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартпен;
4) уәкілетті орган қолданған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған шектеулі ықпал ету шараларымен немесе санкциялармен белгіленген талаптарға кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операциялар жасауға ұсынылған құжаттардың және бұйрықтардың (тапсырмалардың) сәйкестігін тексеру жолымен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері қатысуымен жасалған мәмілелердің сәйкестігіне мониторинг жүргізу жолымен жүзеге асырады.».
3
4
5
6
7
8
9
1 Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының
зейнетақымен қамсыздандыру және
бағалы қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық актілерінің
тізбесіне 1-қосымша
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шартты жасасу қағидаларына
қосымша
нысан
2 Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының
зейнетақымен қамсыздандыру және
бағалы қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 137 қаулысына
2-қосымша
1-нысан
3 Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының
зейнетақымен қамсыздандыру және
бағалы қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық актілерінің
тізбесіне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 137 қаулысына 3-қосымша
1-нысан