Құжат мәтініне өту

Об установлении пруденциальных нормативов для Национального оператора почты

Қаулы · № 307 · қабылданған 26.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109860/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении пруденциальных нормативов для Национального оператора почты Қолданыста Қаулы ·№ 307 ·26.12.2016
05.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении пруденциальных нормативов для Национального оператора почты

Қолданыста Қаулы ·№ 307 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении пруденциальных нормативов для Национального оператора почты
Атауы (қаз.)
Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативті, сондай-ақ оның орындалуы туралы есептіліктің нысанын, табыс ету мерзімін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
307
Қабылданған күні
26.12.2016
Көрсетілген редакция
05.05.2023 109860_632519.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014786
ЭКБ идентификаторы
109860
Редакция идентификаторы
109860_632519
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:35

0 Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлттық пошта операторы үшін мынадай пруденциялық нормативтер белгіленсін:

1 1) меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,12 құрайды.

Меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық пошта операторының меншікті капиталының оның кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерді есептеу осы қаулыға 1-1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған Ұлттық пошта операторы активтерiнің кестесiне сәйкес жүргізіледі;

2 2) өтімділік коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,30 құрайды.

Өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің шамасына қатынасы ретінде есептеледі.

2 2. Ұлттық пошта операторының меншікті капиталы мыналардың:

материалдық емес активтердің;
өткен жылдардағы шығындардың;
ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кірістерден асып түсуі;
басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу сомалары шегерілген:
төленген жарғылық капиталдың (ақшалай төленген сомалар шегінде);
қосымша капиталдың;
өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірістің (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер);
ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі сомасы ретінде есептеледі.

3 3. Өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар:

1 1) ақша, оның ішінде:

кассадағы ақша, Ұлттық пошта операторының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;
орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;
Ұлттық пошта операторының клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларындағы жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттықтар және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшасы;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, дара рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің немесе олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;
бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметтер ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша;

2 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған бағалы қағаздарды қоса алғанда);

3 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі талап етілгенге дейінгі депозиттер;

4

4) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредит рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

5

5) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzВB» төмен емес рейтингтік бағасы бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

6

6) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

7

7) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

8

8) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

9 9) Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), пайлары, олардың активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайды немесе олардың пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланысты;

10 10) Morningstar рейтинг агенттігінің «3 жұлдыздан» төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары;

11 11) тазартылған бағалы қағаздар және металл депозиттер;

12 12) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В» төмен емес бағалы қағаздың және (немесе) эмитенттің рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар исламдық қаржыландыру құралдары;

13 13) мынадай талаптарды сақтау шартымен ислам банкінің исламдық қаржыландыру құралдары:

исламдық банктің ірі акционері болып табылатын ұйымда Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+» төмен емес рейтингтік бағасының немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасының болуы;
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес ислам банкі үшін белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтау жөніндегі талаптарды орындау;

14 14) кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар;

15 15) 1 (бір) айға дейін өтеу мерзімі бар автоматты түрде жасалған кері репо операциялары бойынша дебиторлық берешек;

16

16) егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер Ұлттық пошта операторының баланс шоттарында ескерілсе және Ұлттық пошта операторының өтімділікке қойылатын талаптарын есептеуге енгізілсе, Ұлттық пошта операторының баланс шоттарында ескерілетін валюталық своп операциялары бойынша талап етілетін сома кіреді.

3-1 3-1. Ұлттық пошта операторының осы қаулының 3-тармағында көзделген өтімділігі жоғары активтерінің есебіне мыналар кірмейді:

1 1) Ұлттық пошта операторының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуі болып табылатын және (немесе) Ұлттық пошта операторының меншік құқығы шектелген (репо операцияларын қоспағанда) активтер;

2 2) өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда Ұлттық пошта операторына қатысты үлестес адамдар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.

4 4. Талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің есебіне:

1 1) клиенттердің және корреспондент банктердің талап етілгенге дейінгі депозиттері;

2 2) талап етілгенге дейінгі басқа да міндеттемелер, оның ішінде жүзеге асыру мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе оларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген ақша төлемі және аударымы, қолма-қол ақша беру жөніндегі міндеттемелер кіреді.

5 5. Ұлттық пошта операторында есепті кезең ішінде кредиторлар мен депозиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелері болған кезде өтімділікке қойылған талап орындалмады деп есептеледі.

6

7

8 8. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

9 9. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап

күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

10

10. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

12 12. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
______________ Н. Айдапкелов
2017 жылғы 11 қаңтар

1 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 307 қаулысына
1-қосымша

1 Ұлттық пошта операторының салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің кестесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 307 қаулысына
1-1-қосымша
Ұлттық пошта операторының салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің кестесі

Бап­тар ата­уы
Тәу­е­кел дә­ре­же­сі пай­ы­з­бен
I топ
1.
Қол­ма-қол тең­ге
0
2.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сы
0
3.
Та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар
0
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі са­лым­дар және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кіне өзге де та­лап­тар
0
5.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
0
6.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар, Еура­зия да­му бан­кін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ва­лю­та­сы­мен са­лым­дар
0
7.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры
0
8.
Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры
0
9.
«Ба­ға­лы қа­ға­з­дар ры­но­гы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры», «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі», «Про­бле­ма­лық кре­дит­тер қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры, сон­дай-ақ Еура­зия Да­му Бан­кі шы­ғар­ған және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ва­лю­та­сы­мен но­ми­нир­лен­ген ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
10.
Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты емес же­ке тұ­лға­лар­дың ипо­те­ка­лық қары­зда­рын са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын, ак­ци­я­ла­ры­ның 100 (жүз) пай­ы­зы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Банк­ке ти­е­сі­лі заң­ды тұл­ға шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
11.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
12.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
13.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ»-ден тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер­ге ашық кор­ре­спон­дент­тік шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
0
14.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ»-ден тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер­ге ашық ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
0
15.
Ор­та­лық контр­агент­тің қа­ты­суы­мен жа­сал­ған «ке­рі РЕ­ПО» опе­ра­ци­я­сы­ның ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
16.
Тәу­е­кел­дің І то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
0
II топ
17.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­тi­гiнiң «АА-»-тен тө­мен тәу­ел­сiз рей­тин­гi неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тiк­тер­дiң бі­рiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сы
20
18.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
20
19.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
20
20.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AА-» тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар­да­ғы са­лым­дар
20
21.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған, мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
22.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
23.
Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
24.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
25.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
26.
Тәу­е­кел­дің ІІ то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
20
III топ
27.
Та­зар­тыл­ма­ған ба­ға­лы ме­тал­дар
50
28.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
50
29.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
50
30.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар­да­ғы са­лым­дар
50
31.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
50
32.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
50
33.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
50
34.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
50
35.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сіне сәй­кес ша­ғын неме­се ор­та кә­сіп­кер­лік­ке жат­қы­зы­л­ған субъ­ек­ті­лер шы­ғар­ған, «Қа­зақ­стан қор бир­жа­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «негіз­гі» неме­се «ба­ла­ма­лы» ала­ңы­ның «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген, «ДА­МУ» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның және (неме­се) «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ке­піл­ді­гі бар, со­ма­сы осы ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­ды құ­ны­ның ке­мін­де 50 (елу) пай­ы­зын жа­ба­тын және мы­на­дай өл­шем­шар­ттар­ға сәй­кес ке­ле­тін ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
1) эми­тент­тің бір ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы­на са­лын­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі мен­шік­ті ка­пи­тал­дың 0,02 (нөл бү­тін жүз­ден екі) пай­ы­зы­нан ас­пай­ды;
2) ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы­ның ва­лю­та­сы – тең­ге.
50
36.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен
«ВВ-»-ке дей­ін­гі (қо­са ал­ған­да) бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент банк­те­ріне неме­се Standard & Poor's агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен «ВВ+»-ке дей­ін­гі (қо­са ал­ған­да) бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент бан­кіне ашы­л­ған кор­ре­спон­дент­тік шот­тар бой­ын­ша қой­ы­ла­тын та­лап­тар
50
37.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен
«ВВ-»-ке дей­ін­гі (қо­са ал­ған­да) бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент банк­те­ріне неме­се Standard & Poor's агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен «ВВ+»-ке дей­ін­гі (қо­са ал­ған­да) бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент бан­кіне ашы­л­ған ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша қой­ы­ла­тын та­лап­тар
50
38.
«Қа­зақ­стан қор бир­жа­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар
50
39.
Тәу­е­кел­дің ІІІ то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
50
IV топ
40.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
100
41.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
100
42.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент ұй­ым­да­рын­да­ғы, ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент ұй­ым­да­рын­да­ғы және Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
100
43.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған, мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
100
44.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
100
45.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
100
46.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент ұй­ым­да­ры, ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент ұй­ым­да­ры және Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
100
47.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент банк­те­ріне неме­се Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бей­ре­зи­дент банк­ке ашы­л­ған кор­ре­спон­дент­тік шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
100
48.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент банк­те­ріне неме­се Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-дан тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бей­ре­зи­дент банк­ке ашы­л­ған ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
100
49.
Тәу­е­кел­дің IV то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
100
50.
Тө­лем­дер бой­ын­ша есеп­те­улер
100
51.
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар
100
52.
Ма­те­ри­ал­дық қор­лар
100
53.
Сый­а­қы және шы­ғы­стар со­ма­сын ал­дын ала тө­леу
100
54.
Бас­қа ак­тив­тер
100
V топ
55.
Stand­юard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
150
56.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
150
57.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бей­ре­зи­дент ұй­ым­дар­да­ғы және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
150
58.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
150
59.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
150
60.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
150
61.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­ры және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
150
62.
Тәу­е­кел­дің V то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
150

1.1 Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті Ұлттық пошта операторы активтерінің есебіне түсіндірме

Салымдардың кредиттiк тәуекел
дәрежесi бойынша мөлшерленген
Ұлттық пошта операторы
активтерiнiң кестесiне
қосымша
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті
Ұлттық пошта операторы активтерінің есебіне түсіндірме

1

1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, ұлттық пошта операторында түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Ұлттық пошта операторы активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 10, 11, және 12-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес Ұлттық пошта операторында түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 10, 11, және 12-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде ұлттық пошта операторындағы қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.

2

2. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) Ұлттық пошта операторы инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

3 3. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша Ұлттық пошта операторы активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

2 Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 307 қаулысына
2-қосымша
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

1

1.«Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2988 тіркелген, 2005 жылғы 21 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 109 (733) жарияланған).

2 2.«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне ипотекалық ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 280 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 тіркелген) 1-тармағының 1) тармақшасы.

3

3.«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы» 2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5313 тіркелген, 2008 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 10 жарияланған).

4

4.«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 131 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 4-тармағы.

5

5.«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9732 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің
1-тармағы.

Қолданыстағы