О внесении изменений в некоторые решения акима села Баянды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима села Баянды
- Атауы (қаз.)
- Баянды ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 27.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2017 109912_160445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MGE03274
- ЭКБ идентификаторы
- 109912
- Редакция идентификаторы
- 109912_160445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:20
0 Баянды ауылы әкімінің
кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және Баянды ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 24 қазандағы №10-11-4152 ақпараттық хатының негізінде, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Баянды ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1)Баянды ауылы әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №18 «Баянды-1 тұрғын үй массивіндегі тұрғын үйлердің көше аттарын өзгерту туралы» шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-8 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 (31) «Мұнайлы» газетінде жарияланған):
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Баянды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2
2)Баянды ауылы әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №24 «Баянды селосының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы» шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-7 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 (31) «Мұнайлы» газетінде жарияланған):
көрсетілген шешімнің тақырыбы және кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Баянды ауылының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас
бөліктеріне атаулар беру туралы»;
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар Баянды ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».