Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Актогайского районного маслихата» и его описание

Ереже · № 71/13 · қабылданған 26.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109918/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Актогайского районного маслихата» и его описание Күшін жойған Ереже ·№ 71/13 ·26.01.2017
17.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Актогайского районного маслихата» и его описание

Күшін жойған Ереже ·№ 71/13 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Актогайского районного маслихата» и его описание
Атауы (қаз.)
«Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71/13
Қабылданған күні
26.01.2017
Көрсетілген редакция
17.08.2020 109918_477058.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17PD005390
ЭКБ идентификаторы
109918
Редакция идентификаторы
109918_477058
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:22

0 «Ақтоғай аудандық мәслихат

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидаларын
және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 8 – бабы 3 – тармағына 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30 - бабы 4 - тармағына сәйкес, Ақтоғай аудындық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Актоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың аппарат басшысына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

Ақтоғай аудандық мәслихатының
2017 жылғы 26 қантардағы № 71/13
бекітілген
«Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат) қызметтік куәлігін беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымын растайтын құжат болып табылады.

3 3. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес.

4 4. Тиісінше ресімделмеген, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5 5. Қызметтік куәлік «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне Ақтоғай аудандық мәслихаты хатшысының қолы қойылып беріледі.

6

6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі. Қызметкерлер қызметтік куәлікті алу барысында осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына (бұдан әрі - есепке алу журналы) қол қояды.

7

7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құжаттамалық бөлімінің басшысы бұрын берілген қызметтік куәлікті қайтарып алады.

3 3-тарау. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

8 8. Куәлік мұқабасы бумвинилдан жасалған кітапшадан тұрады. Қызметтік куәліктің тысы көк түсті, көлемі 7 х 10 сантиметр, ашып көрсетілген түрінде 19 х 6,5 сантиметр.

9 9. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен мемлекеттік және орыс тілінде «Куәлік» және «Удостоверение» деген жазу жазылған.

10

10. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «Павлодар облысы «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, Павлодарская область государственное учреждение «Аппарат Актогайского районного маслихата» деген қызыл түсті жазулар орналастырылған.

11 11. Сол жағында: көлемі 3х4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), жанында қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады. Аудандық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

12

12. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «Қазақстан» деген жазу, жанында қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады. Одан төмен куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

4 4-тарау. Қорытынды ережелер

13 13. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құжаттамалық бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

14 14. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құжаттамалық бөлімінің басшысына үш жұмыс күн ішінде жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

15 15. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құжаттамалық бөлімінің басшысы белгіленген тәртіпте қызметтік тексеру жүргізеді.

16

16. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құжаттамалық бөлімінің басшысына тапсырады, қызметкерлер жұмыстан босатылған немесе қызметтік куәлік бүлінген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жою және есептен шығаруға акт жасаумен жоюға жатады.

25 Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

«Ақтоғай аудандық мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесі
қызметтік куәлігін беру Қағадалары
және оның сипаттамасына
1 - қосымша
Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Атқаратын лауазымы
Куәлік №
Беру күні
Қызметтік куәлік берілген қызметкердің қолы
Тапсыру күні
Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы
Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

26 «Ақтоғай аудандық мәслихат

аппараты» мемлекеттік мекемесі
қызметтік куәлігін беру Қағадалары
және оның сипаттамасына
2 - қосымша
Нысан
Ұйымның атауы
АКТІ
_______________
жасалу орны күні № ______
Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), қызметтік куәлікті беру қағидаларының 9-тармағының негізінде «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы

Қолданыстағы