Об определении единого организатора государственных закупок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении единого организатора государственных закупок
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06/01
- Қабылданған күні
- 30.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 109919_405559.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KL004140
- ЭКБ идентификаторы
- 109919
- Редакция идентификаторы
- 109919_405559
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:19
0 Мемлекеттік сатып алудың
бірыңғай ұйымдастырушысын
анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жаңаарқа ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.
2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 06/01 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Р/с
№
Атауы
1.
Жұмыстар:
1.1.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа құрылыс немесе қолданыстағы нысандарға күрделі жөндеуден өткізу және қайта жабдықтау
1.2.
Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі, орташа және ой-шұңқырларды жөндеу
1.3.
Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын қысқы және жазғы күтіп ұстау
1.4.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салуға және жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу немесе қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету
1.5.
аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу кезінде жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу немесе қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету
1.6.
коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, үй-жайларды күрделі, орташа және ағымды жөндеу
1.7.
аббаттандыру бойынша жұмыстар
1.8.
елді мекендердің даму және құрылыс сызбасын әзірлеу және қайта әзірлеу
2.
Қызметтер:
2.1.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салу және қайта жабдықтау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
2.2.
аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу кезінде тапсырыс берушінің атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
2.3
мемлекеттік ақпараттық саясатты газеттер мен журналдар арқылы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жұмысы және жалпы алғанда республиканың, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірі туралы ақпараттандыру қызметтерін көрсету
2.4.
мемлекеттік ақпараттық саясатты телеарна арқылы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жұмысы және жалпы алғанда республиканың, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірі туралы ақпараттандыру қызметтерін көрсету
2.5.
діни экстремизмнің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар қызметің көрсету