Құжат мәтініне өту

О ликвидации акционерного общества «Фонд духовного развития народа Казахстана»

Қаулы · № 90 · қабылданған 24.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109948/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О ликвидации акционерного общества «Фонд духовного развития народа Казахстана» Қолданыста Қаулы ·№ 90 ·24.02.2017
04.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ликвидации акционерного общества «Фонд духовного развития народа Казахстана»

Қолданыста Қаулы ·№ 90 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ликвидации акционерного общества «Фонд духовного развития народа Казахстана»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын тарату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90
Қабылданған күні
24.02.2017
Көрсетілген редакция
04.10.2023 109948_659151.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000090
ЭКБ идентификаторы
109948
Редакция идентификаторы
109948_659151
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:01

0 «Қазақстан халқының рухани даму қоры»

акционерлік қоғамын тарату туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы таратылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамының мүлкін «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының теңгеріміне берсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5 5. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1226 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 90 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-95-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 224-33-жол алып тасталсын.

Қолданыстағы