О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 10.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2017 110002_162360.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NOK06858
- ЭКБ идентификаторы
- 110002
- Редакция идентификаторы
- 110002_162360
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:12
0 Шектеу iс-шараларын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-1- бабына 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 01-27/175 ұсынысы негізінде, Соснов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Меңдіқара ауданының Никитинка ауылында орналасқан «Фирма «ПИК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағындағы шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. «Шектеуші шараларды анықтау туралы» Соснов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 03 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6498 болып тіркелген, 2016 жылғы 05 шілдеде «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған).
3 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 30 қарашадан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
ауылшаруашылық Министрлігі
қадағалау және ветеринарлық
бақылау Комитеті Меңдіқара
ауданының аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г. Құрманова
2017 жылғы «10» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Меңдіқара ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ Н. Репик
2017 жылғы «10» ақпан