Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах исполнения бюджета

Қаулы · № 8 · қабылданған 16.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110006/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О некоторых вопросах исполнения бюджета Күшін жойған Қаулы ·№ 8 ·16.01.2017
20.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах исполнения бюджета

Күшін жойған Қаулы ·№ 8 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах исполнения бюджета
Атауы (қаз.)
Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
16.01.2017
Көрсетілген редакция
20.01.2020 110006_440065.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LD005737
ЭКБ идентификаторы
110006
Редакция идентификаторы
110006_440065
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:25

0 Бюджеттің атқарылуының

кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары С.Бабанаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Қазалы ауданы әкімдігінің

2017 жылғы «16» қаңтардағы
№ 8 қаулысына қосымша
Аудандық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі

Уәкілетті органдар
БСК*
Аудандық бюджетке түсетін түсімдердің атауы*
1
«Қазалы ауданының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
201102
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері
2
201302
Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер
3
201508
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер
4
201907
Иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер
5
201910
Коммуналдық меншігіне жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы
6
301102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер
7
301103
Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер
8
402101
Ағымдағы нысаналы трансферттер
9
402102
Нысаналы даму трансферттері
10
402103
Субвенциялар
11
402201
Ағымдағы нысаналы трансферттер
12
402202
Нысаналы даму трансферттері
13
402203
Субвенциялар
14
501106
Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
15
601102
Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер
16
601105
Мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жіргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер
17
701203
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар
18
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар
202102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер
19
203102
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі
20
204114
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар
21
204116
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
22
204118
Мамандандырылған ұйымдарға, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша жергілікті бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
23
206105
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі
24
206107
Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы
25
206109
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер
26
206110
Мүлiктi жария еткенi үшiн алым
27
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары
204154
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алуларды қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
28
«Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
201509
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер
29
«Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
201703
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша
сыйақылар
30
201713
Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
31
201718
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
32
201706
Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар
33
501113
Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
34
501121
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
35
«Аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
303101
Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
36
303102
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
37
303202
Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем
38
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қызылорда облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы «Қазалы ауданының аумақтық бөлімі»
204103
Атқарушылық санкция
39
Қазалы аудандық сотының кеңсесі
204142
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарды қоспағанда, сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi, салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
40
«Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
204106
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың ішкі істер департаменттері, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар
Ескерту: *аудандық бюджетке түсетін түсімдердің атауы «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9756 нөмірімен тіркелген) сәйкес жазылды. Аудандық бюджетке түсетін түсімдер «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Респуликасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9760 нөмірімен тіркелген) сәйкес ескеріледі.
*БСК – Бюджеттік сыныптама кодтары.

Қолданыстағы