Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Атбасарском районе

Өзге акт · № 6С 8/3 · қабылданған 20.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110007/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Атбасарском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С 8/3 ·20.01.2017
20.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Атбасарском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С 8/3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Атбасарском районе
Атауы (қаз.)
Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С 8/3
Қабылданған күні
20.01.2017
Көрсетілген редакция
20.07.2020 110007_472805.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BE005765
ЭКБ идентификаторы
110007
Редакция идентификаторы
110007_472805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:24

0 Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 - бабына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  6 - бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Н. Никишов
20 қаңтар 2017 жыл

3 Атбасар аудандық мәслихатының

2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ 6С 8/3 шешіміне
қосымша
Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

1 1. Атбасар ауданында жиналыстар және митингілер өткізу орындары белгіленсін:

1 1) Атбасар қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, орталық алаң;

2 2) Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, «Жеңіс сквері».

2 2. Атбасар ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

1 1) Атбасар қаласы, орталық алаңынан Шоқан Уәлиханов көшесінің бойымен Ақан Құрманов көшесінің бұрылысына, әрі қарай Ақан Құрманов көшесінің бойымен Сәкен Сейфулин көшесінің бұрылысына және «Жеңіс скверіне» дейін;

2 2) Атбасар қаласы, Ақан Құрманов және Шоқан Уәлиханов көшелері қиылысынан Шоқан Уәлиханов көшесі бойымен орталық алаңға дейін.

3 3. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу орындарында:

1 1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;

2 2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреуге қатысты зәбір көрсетуге шақыратын сөз сөйлеулерге жол берілмейді.

4 4. Қоғамдық тәртіп пен пикетк қатысушылардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) түрлі жеке пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет;

2 2) жергілікті атқарушы органдар бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жеке пикеттерді өткізуге рұқсат берулері мүмкін.

5 5. Пикет өткізу кезінде:

1 1) пикет өткізілетін объектінің маңында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі үгіттеме құралдарын пайдалануға;

3 3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айтуға рұқсат беріледі.

6

6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Атбасар ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу шешімі қабылданған жағдайда, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті тәртіпте хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Қолданыстағы