О снятии ограничительных мероприятий на территории села Первомайское Аулиекольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Первомайское Аулиекольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 14.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2017 110027_161037.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NG006838
- ЭКБ идентификаторы
- 110027
- Редакция идентификаторы
- 110027_161037
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:11
0 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы
Первомай ауылының аумағында
шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2011 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысы міндетін атқарушысының 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 10 ұсынысы негізінде Первомай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Первомай ауылы әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 1 «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6638 болып тіркелген, «Әулиекөл» газетінде 2016 жылғы 13 қазанда жарияланған).
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 12 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады
«КЕЛІСІЛДІ»
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
_________________Жасанбаев Н. М.
2017 жылғы «14» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________Тайшибаев А. Т.
2017 жылғы «14» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Әулиекөл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________Дуйсенов Е. Г.
2017 жылғы «14» ақпан