Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о Национальном морском перевозчике

Бұйрық · № 814 · қабылданған 25.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110078/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о Национальном морском перевозчике Қолданыста Бұйрық ·№ 814 ·25.11.2016
25.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о Национальном морском перевозчике

Қолданыста Бұйрық ·№ 814 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о Национальном морском перевозчике
Атауы (қаз.)
Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
814
Қабылданған күні
25.11.2016
Көрсетілген редакция
25.11.2016 110078_162503.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014854
ЭКБ идентификаторы
110078
Редакция идентификаторы
110078_162503
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:11

0 Ұлттық теңiз тасымалдаушысы

туралы ережені бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ереже бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 31 қантар

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 25 қарашадағы
№ 814 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ереже

1 1-Тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi.

2

2. Ұлттық теңiз тасымалдаушысы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2 2-Тарау. Ұлттық теңiз тасымалдаушысының мiндеттерi мен функциялары

3 3. Ұлттық теңiз тасымалдаушысының қызметі сауда флотын дамытуға бағытталған.

4 4. Ұлттық теңiз тасымалдаушысының негiзгi мiндеттерi:

1 1) жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтімдерін және жүктерді, оның ішінде ізгілік жүгін, арнайы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді;

2 2) теңіз флоты үшін кадрларды оқытуға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3 3) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында халықаралық шарттарды іске асыруға қатысады.

3 3-Тарау. Қызметін ұйымдастыру

5 5. Ұлттың теңіз тасымалдаушысы өз қызметін осы Қағидаға сәйкес ұйымдастырады.

6 6. Ұлттық теңіз тасымалдаушысын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы