О внесении изменений в некоторые решения акима села Мангистау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима села Мангистау
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37
- Қабылданған күні
- 03.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2017 110093_162910.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MG003285
- ЭКБ идентификаторы
- 110093
- Редакция идентификаторы
- 110093_162910
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:17
0 Маңғыстау ауылы әкімінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Маңғыстау ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Маңғыстау ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Маңғыстау ауылы әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы №226 «Маңғыстау селосының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-11 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 «Мұнайлы» газетінде жарияланған):
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1,2,3,4,5 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (201 учаскеден тұратын) Маңғыстау-1 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-1 тұрғын үй массиві деп аталсын.
2. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (207 учаскеден тұратын) Маңғыстау-2 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-2 тұрғын үй массиві деп аталсын.
3. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолының оң жағында орналасқан жалпы ауданы 84 гектар Маңғыстау-3 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-3 тұрғын үй массиві деп аталсын.
4. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 164 гектар Маңғыстау-4 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-4 тұрғын үй массиві деп аталсын.
5. Маңғыстау ауылының солтүстік жағында орналасқан жалпы ауданы 250 гектар Маңғыстау-5 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-5 тұрғын үй массиві деп аталсын»;
2) Маңғыстау ауылы әкімінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 170 «Көше атауын беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-102 тіркелген, 2011 жылғы 11 қарашадағы №64 «Мұнайлы» газетінде жарияланған):
көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Маңғыстау ауылындағы теміржол өткелінен бастап қоғамдық ұйымдар ғимаратына дейінгі көшеге (жалғанған қосымша сызбаға сәйкес) Әбіш қожа аты берілсін».