Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Временной инструкции организации выполнения нерегулярных полетов иностранными гражданскими воздушными судами в воздушном пространстве Республики Казахстан

Бұйрық · № 98 · қабылданған 13.07.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1101/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Временной инструкции организации выполнения нерегулярных полетов иностранными гражданскими воздушными судами в воздушном пространстве Республики Казахстан Күшін жойған 07.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Временной инструкции организации выполнения нерегулярных полетов иностранными гражданскими воздушными судами в воздушном пространстве Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық № 98 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Временной инструкции организации выполнения нерегулярных полетов иностранными гражданскими воздушными судами в воздушном пространстве Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын ұйымдастырудың Уақытша нұсқаулығын бекіту туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
98
Қабылданған күні
13.07.1998
Көрсетілген редакция
07.10.1999 AI1101_1.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V980000553_
ЭКБ идентификаторы
1101
Редакция идентификаторы
AI1101_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:37
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын ұйымдастырудың Уақытша нұсқаулығын бекіту туралы"

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 12.01.1999 № 36, ҚР Қорғаныс министрлігінің 14.01.1999 № 170, ҚР Көлік және коммуникациялар және туризм министрлігінің 08.01.1999 № 705А бұйрықтарымен.
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж., ) сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі комитетінің ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел мемлекеттерінің азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларды орындауын ұйымдастыруды ретке келтіру және қазақстандық авиакомпанияларының
мүдделерін қорғау мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе

кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын ұйымдастырудың Уақытша
нұсқаулығы бекітілсін және мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап күшіне енсін.

2 Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын ұйымдастырудың УАҚЫТША НҰСҚАУЛЫҒЫ

Әуе кеңістігін пайдалану және
азаматтық авиация қызметі
комитетінің
1998 жылғы 14 шілдедегі N 98-П
бұйрығымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік
азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын
ұйымдастырудың
УАҚЫТША НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде оқтын-оқтын ұшуларды орындайтын шетел мемлекеттерінің азаматтық әуе кемелері, егер олар сыйақы немесе жалдау бойынша жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдаумен айналысса, онда "Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың Бас орталығымен берілетін арнайы тәртіптер және рұқсаттар жағдайында жолаушыларды, багажды немесе жүкті бортқа қабылдауы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі арнайы рұқсатты алу үшін шетел мемлекетінің авиация әкімшілігімен немесе пайдаланушы авиакомпаниямен ұсынылатын сұранымда (тапсырыста) N 2 қосымшада көрсетілген ҚР Аэронавигациялық ақпарат циркулярдан басқа мынадай мәліметтер болуы тиіс:
- жүктің алғашқы тиеу пунктін көрсете отырып, кедендік жүк мәлімдемесі мен әуе жүгінің құжаттамасының көшірмесі.

3. Шетел мемлекеттерінің авиакомпанияларының оқтын-оқтын ұшуларды орындауына рұқсат беруден мынадай жағдайларда бас тартады:

1) егер өтініш етілген ұшу бойынша тағайындалған авиакомпаниялармен тұрақты ұшулар орындалатын болса;

2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану сұранымына (тапсырыс) осы Уақытша нұсқаулықпен 2 тармағында көрсетілген ақпараттар жазылмағанда немесе ҚР Аэронавигациялық ақпарат циркуляры мәліметтерінің мерзімі өтіп ұсынылғанда.

4. Шетелдік пайдаланушы авиакомпаниялармен бесінші - сегізінші әуе еркіндігін пайдалануға тыйым салынады.

5. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел мемлекеттерінің азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларды орындауға рұқсат алу тәртібі мен сұранымының сақталуына тікелей бақылау жасау Әуе қозғалысын жоспарлаудың Бас орталығымен (ҚР ӘҚЖ БО) жүзеге асырылады.

6. Қазақстан Республикасының Мемавиақадағалауы шетелдік пайдаланушы авиакомпанияларының Қазақстан Республикасының халықаралық аэропорттарында оқтын-оқтын ұшуларды орындауға сұраныстарда (тапсырыста) көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады.

Мәліметтердің дұрыс еместігі, дәл еместігі және толық еместігі анықталған жағдайда өз құзырының шегінде шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда материалдарды рәсімдейді және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту үшін оларды тиісті мекемелерге жібереді.