Об утверждении опознавательного знака транспортного средства международной перевозки уполномоченного экономического оператора
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении опознавательного знака транспортного средства международной перевозки уполномоченного экономического оператора
- Атауы (қаз.)
- Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 08.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2018 110106_293860.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700014834
- ЭКБ идентификаторы
- 110106
- Редакция идентификаторы
- 110106_293860
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:15
0 Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
8 ақпандағы № 89
бұйрығымен
бекітілген
Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісі
А – authorized У – уәкілетті
E – economic Э-экономикалық
O – operator О - оператор
Ескертпе:
Көк түсті материалдың үстіне ақ түсті бояумен жазылған «АЕО» әріптер жазбасын (әріптер: биіктігі – 200 мм; әріп штрихының қалындығы – 20 мм) білдіреді.
Барлық символдар атмосфералық жағдайлардың әсерінен түсін өзгертпейтін және көлік құралын пайдалану процесінде өшпейтін, суға тұрақты бояумен жазылады.
Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісі: