Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения «Аппарат маслихата города Семей» и его описания

Ереже · № 10/72-VI · қабылданған 31.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110130/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения «Аппарат маслихата города Семей» и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 10/72-VI ·31.01.2017
24.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения «Аппарат маслихата города Семей» и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 10/72-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения «Аппарат маслихата города Семей» и его описания
Атауы (қаз.)
«Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/72-VI
Қабылданған күні
31.01.2017
Көрсетілген редакция
24.06.2020 110130_474368.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VB004891
ЭКБ идентификаторы
110130
Редакция идентификаторы
110130_474368
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:19

0 «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

Семей қаласы мәслихатының
2017 жылғы 31 қаңтардағы
№ 10/72-VІ шешiміне
1-қосымша
«Семей қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мәслихат аппараты) мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын құжат болып табылады.
2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

3 3. Қызметтік куәлік мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне Семей қаласы мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

4 4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі.

Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

5 5. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) сейфінде сақталады.

6 6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес өкім шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.

7 7. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері бөлім қызметкерлерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

8 8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті бөлімінің қызметтік куәлік беруге жауапты қызметкері қайтарып алады.

9 9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу бөлімді жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.

10 10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша бөлім белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

11 11. Бөлім жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

12 12. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды бөлім басшысы жүзеге асырады.

18 Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

Семей қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік
қызметшілеріне қызметтік куәлік
беру қағидаларына
қосымша
Үлгі
Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік
беруді және қайтаруды есепке алу
журналы

Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Те­гі, Аты, Әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Бе­рі­л­ген кү­ні
Жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
Ал­ға­ны жө­нін­де же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы) ту­ра­лы бел­гі
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ес­керт­пе
Ескертпе: мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.

19 «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

Семей қаласы мәслихатының
2017 жылғы 31 қаңтардағы
№ 10/72-VІ шешiміне
2-қосымша
«Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің
сипаттамасы

1 1. Куәлік мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген күйінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

2 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген күйінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы қызметтік куәлік сипаттамасына 1-қосымшаға сәйкес үлгіде «КУӘЛІК» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3

3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» мемлекеттік мекемесі, «Государственное учреждение «АППАРАТ МАСЛИХАТА ГОРОДА СЕМЕЙ», одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы көрсетіледі.

4 4. Сол жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), Семей қаласы мәслихаты хатшысының қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

5

5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3х4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

25 Куәлік мұқабасы

«Семей қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
1-қосымша
Куәлік мұқабасы

26 Куәліктің ішкі бөлігі

«Семей қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
2-қосымша
Куәліктің ішкі бөлігі

Қолданыстағы