Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы отчетности операторов инструментов государственной поддержки об оказанных мерах поддержки

Бұйрық · № 895 · қабылданған 29.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110131/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы отчетности операторов инструментов государственной поддержки об оказанных мерах поддержки Қолданыста Бұйрық ·№ 895 ·29.12.2016
29.12.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы отчетности операторов инструментов государственной поддержки об оказанных мерах поддержки

Қолданыста Бұйрық ·№ 895 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы отчетности операторов инструментов государственной поддержки об оказанных мерах поддержки
Атауы (қаз.)
Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
895
Қабылданған күні
29.12.2016
Көрсетілген редакция
29.12.2016 110131_162285.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014855
ЭКБ идентификаторы
110131
Редакция идентификаторы
110131_162285
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:32

0 Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау

құралдары операторларының
есептілік нысанын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
______________ Н. Айдапкелов
201__ жылғы «___» _________

0 «Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны» 20__ жылғы ______ тоқсандағы есептілік кезең

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 895
бұйрығымен бекітілген
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
«Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны»
20__ жылғы ______ тоқсандағы есептілік кезең
Индекс: 1-МҚШ
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынылатын адамдар тобы: мемлекеттік қолдау құралдарының операторлары
Қайда ұсынылады: облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астананың жергілікті атқарушы органдарына
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күніне дейін

Жо­ба­ның ата­уы
Жо­ба­ның өті­ніш бе­ру­ші­сі, ин­ве­стор (мем­ле­кет)
Сек­тор
Об­лыс, қа­ла, аудан
Мем­ле­кет-тік қол­дау тү­рі­нің ата­уы
Көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік қол­да­у­лар құн­дық мәнін­де, млн. тең­ге
Құ­ры­лыс ке­зе­ңін­де жұ­мыс орын­да­ры
Іс­ке қо­сы­л­ған ке­зең­де­гі жұ­мыс орын­да­ры
Жо­ба құ­ны, млн. тең­ге
Заттай тү­рін­де қу­а­ты
Ақ­ша­лай тү­рін­де қу­а­ты, млн. тең­ге
Іс­ке қо­су мер­зі­мі (жы­лы)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1. Іс­ке асы­ру ке­зе­ңін­де­гі жо­ба­лар бой­ын­ша
1
2
3
4
5
2. Іс­ке қо­сы­л­ған жо­ба­лар бой­ын­ша
1
2
3
4
5
Басшы _______________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(бар болған жағдайда)
Орындаушы ___________________ ___________
(тегі, аты , әкесінің аты (қолы)
(бар болған жағдайда)
Орындаушының телефоны ____________________________________________
Ұйымның мекенжайы ________________________________________________
Ұйымның телефоны __________________________________________________
Мөр орны
Ескертпе: Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға Қосымшада көрсетілген.
«Көрсетілген қолдау шаралары туралы
мемлекеттік қолдау құралдары
операторларының есептілік нысаны»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша
«Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны» әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме

1 1. «Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны» (бұдан әрі – Нысан) 1-бағанында жобаның реттік нөмірі көрсетіледі.

2 2. Нысанның 2-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.

3 3. Нысанның 3-бағанында жобаның өтініш берушісі, елді көрсете отырып инвестор немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш беруші көрсетіледі.

4

4. Нысанның 4-бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 1-қосымшасына сәйкес өңдеуші өнеркәсіп секторы көрсетіледі.

5 5. Нысанның 5-бағанында жоба іске асырылатын облыс, қала, аудан немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш берушінің заңды мекенжайы көрсетіледі.

6 6. Нысанның 6-бағанында мемлекеттік қолдау шарасы түрінің атауы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 7-бағанында миллион теңгеде мемлекеттік қолдау шаралары құндық мәнінде көрсетіледі.

8 8. Нысанның 8-бағанында құрылыс кезеңінде құрылған немесе жоспарланған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

9 9. Нысанның 9-бағанында жобалық құжаттамаға немесе жобаның төлқұжатына сәйкес іске қосылған кезеңдегі құрылған немесе жоспарланған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

10 10. Нысанның 10-бағанында миллион теңгеде жобаның құны көрсетіледі.

11 11. Нысанның 11-бағанында өлшеу бірлігін көрсете отырып, жобалық құжаттамаға немесе төлқұжатқа немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінішке сәйкес жобаның немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш берушінің заттай түріндегі қуаты көрсетіледі.

12 12. Нысанның 12-бағанында миллион теңгеде жобалық құжаттамаға немесе жобаның төлқұжатына немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінішке сәйкес миллион теңгеде жобаның мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш берушінің құндық мәнінде қуаты көрсетіледі.

13 13. Нысанның 13-бағанында іске қосылу немесе жоспарланған іске қосу жылы көрсетіледі.

14 14. Мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде Нысанның 2, 8, 9, 10, 11, 12, 13-бағаналар сәйкесінше ақпарат бар болған жағдайда толтырылады.

15 15. Нысанға басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

16 16. Нысандағы көрсеткіштер есептілік тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніне дейін нақты деректер бойынша қалыптасады.

Қолданыстағы