О переименовании улиц города Акколь
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц города Акколь
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл қаласының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-2/35
- Қабылданған күні
- 07.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2017 110192_163237.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BC005759
- ЭКБ идентификаторы
- 110192
- Редакция идентификаторы
- 110192_163237
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:15
0 Ақкөл қаласының көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармағына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақкөл қаласының көшелері:
Ново-Октябрьская көшесін – Ілияс Жансүгіров көшесіне;
Ленинский тұйық көшесін – Ыбырай Алтынсарин тұйық көшесіне;
Комсомольская көшесін – Достық көшесіне;
Карл Маркс көшесін – Кәукен Кенжетаев көшесіне;
Ворошилов көшесін – Қайым Мұхамедханов көшесіне;
25 партсъезд көшесін – Жастар көшесіне;
Фрунзе көшесін – Бейімбет Майлин көшесіне;
Чапаев көшесін – Мұхтар Әуезов көшесіне;
Авангардная көшесін – Ақжол көшесіне;
Зеленая көшесін – Баубек Бұлқышев көшесіне;
Сенная көшесін – Құлагер көшесіне;
Ново-береговая көшесін – Хамит Ерғалиев көшесіне;
Пионерская көшесін – Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.