«О приватизации районного коммунального имущества»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О приватизации районного коммунального имущества»
- Атауы (қаз.)
- «Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы»
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 06.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2017 110210_163453.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VM004898
- ЭКБ идентификаторы
- 110210
- Редакция идентификаторы
- 110210_163453
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:16
0 «Аудандық коммуналдық
мүлікті жекешелендіру туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1–тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, 96-бабына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес, аудандық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.
2 2. «Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. «Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы» Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 11 қаулысы жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. А. Бексултановқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізбесі
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы
«06» ақпандағы № 68 қаулысына қосымша
Жекешелендіруге жататын аудандық
коммуналдық мүліктің тізбесі
рет№
Мүліктің атауы
Мүліктің орналасқан жері
Мүліктің теңгерім ұстаушысы
1
2
3
4
1
Ақшарбақ ауылындағы мектептің бұрынғы ғимараты
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақшарбақ ауылы
«Ақсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2
Өрел ауылындағы отбасылық дәрігерлік амбулаторияның бұрынғы ғимараты
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Өрел ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 16
«Өрел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
3
Гараж ғимараты
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, № 96 Б
«Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
4
УАЗ 31605 автокөлігі, мемлекеттік нөмірі F247PP, 2001 жылы шығарылған, шие түсті, шанақ № 10003281, қозғалтқыш № Н/У
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Тумашинов көшесі, № 4
«Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
5
ГАЗ 32213224 автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 326 AR16, 1999 жылы шығарылған, ақ түсті, шанақ № 322100Х0142313, қозғалтқыш № Н/У
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Тумашинов көшесі, № 4
«Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны