Об установлении ограничительных мероприятий в населенном пункте «Базарка» Кокжиринского сельского округа Тарбагатайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в населенном пункте «Базарка» Кокжиринского сельского округа Тарбагатайского района
- Атауы (қаз.)
- Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң «Базарка» елді мекенінде шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 03.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2017 110217_217822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VP004896
- ЭКБ идентификаторы
- 110217
- Редакция идентификаторы
- 110217_217822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:17
0 Тарбағатай ауданының Көкжыра
ауылдық округiнiң «Базарка»
елді мекенінде шектеу iс-шараларын
белгiлеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 13 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң «Базарка» елді
мекенінде ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгiленсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары
Қ. Мауадиновқа жүктелсін.