О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 10.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 110239_682333.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000112
- ЭКБ идентификаторы
- 110239
- Редакция идентификаторы
- 110239_682333
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:48
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 112 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-жолмен толықтырылсын:
«43. «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы».
3. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағанындағы «ҚЭГ» АҚ,» аббревиатурасы алып тасталсын;
реттік нөмірі 26-жолдың 6-бағанындағы «ҚЭГ» АҚ (келісім бойынша),» аббревиатурасы және сөздері алып тасталсын.