Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 40 · қабылданған 15.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110257/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған 02.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы № 40 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
15.02.2017
Көрсетілген редакция
02.11.2022 110257_599552.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ME003281
ЭКБ идентификаторы
110257
Редакция идентификаторы
110257_599552
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:10
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мүгедектер үшін жұмыс

орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

2. «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Оразалиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі №240 «Маңғыстау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3120 болып тіркелген, 2016 жылы 15 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
«Дария» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
Р.Т.Дұрысбаев
«15» 02 2017 жыл
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
«Маңғыстау жылу, су» мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны директорының
міндетін атқарушы
Н.К.Уразов
«16» 02 2017 жыл
«Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Г.Б.Оразалиева
«15» 02 2017 жыл
Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасының «Маңғыстау орталық
аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
Ж.С.Нұрлыбаева
«15» 02 2017 жыл

6 Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 15 ақпандағы
№40 қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері, % есебімен
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
454
4
18