Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Ушкарасу Аулиекольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Ушкарасу Аулиекольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 20.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2017 110281_254447.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NGB06861
- ЭКБ идентификаторы
- 110281
- Редакция идентификаторы
- 110281_254447
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:07
0 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан
Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария
туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7 тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесі басшысының 2016 жылғы 14
қарашадағы № 45 ұсынысы негізінде
Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылы
аумағында ірі қара малдың
бруцеллез ауруының пайда болуына
байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әулиекөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 14 қарашадан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Н.М. Жасанбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ А.Т. Тайшибаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Әулиекөл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Е.Г. Дуйсенов