Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых решений уполномоченного отгана, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий, регулируемых рынках и защиты конкуренции

Бұйрық · № 78 · қабылданған 24.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110312/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых решений уполномоченного отгана, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий, регулируемых рынках и защиты конкуренции Қолданыста Бұйрық ·№ 78 ·24.02.2017
24.02.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых решений уполномоченного отгана, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий, регулируемых рынках и защиты конкуренции

Қолданыста Бұйрық ·№ 78 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых решений уполномоченного отгана, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий, регулируемых рынках и защиты конкуренции
Атауы (қаз.)
Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар және бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78
Қабылданған күні
24.02.2017
Көрсетілген редакция
24.02.2017 110312_167662.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014877
ЭКБ идентификаторы
110312
Редакция идентификаторы
110312_167662
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:01

0 Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар және бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар және бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 78 бұйрығына қосымша

1

1. «Өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын және оны толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қарашадағы № 443-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8176 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда (№ 34-38 (27977)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);

2

2. «Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8653 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтардағы (№ 14 (28238)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);

3

3. «Нарық субъектілерін реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 740 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12485 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Қолданыстағы