Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Жанибекскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Жанибекскому району
- Атауы (қаз.)
- Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 24.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2019 110321_415698.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZF004708
- ЭКБ идентификаторы
- 110321
- Редакция идентификаторы
- 110321_415698
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:02
0 Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы
13 сәуірдегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілде №14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жәнібек ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:
1 1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2 2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3 3) екі жүз елуден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының
төрт пайызы мөлшерінде.
2 2. Жәнібек ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 22 сәурдегі №71 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4425 тіркелген,
2016 жылдың 3 маусымда «Шұғыла» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж.Абдолов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Б. Н. Меңешовке жүктелсін.