Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-2/27
- Қабылданған күні
- 27.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2019 110322_419805.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17B0005805
- ЭКБ идентификаторы
- 110322
- Редакция идентификаторы
- 110322_419805
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:20
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2
2. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № А-6/200 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 маусымдағы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
_________________Д. Нұрмолдин
2017 жылғы ___________________
5 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 27 қаңтардағы
№ А-2/27 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2
2) барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, диеталық мейіргер, тіс дәрігері (дантист), тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), мейіргер, провизор (фармацевт), зертханашы (медициналық), психолог маман, рентген зертханашысы, фельдшер, әлеуметтік қызметкер, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), тәрбиеші, логопед.
2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2 2) аудандық және қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
3
3) үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері; қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) басшысы; жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің; аумақтық және оңалту орталықтарының; қызметтерді алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналғанұйымдар);
4 4) барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, диеталық мейіргер, фармацевт, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, нұсқаушы, психолог, әдіскер, инспектор, музыкалық жетекші;
5 5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
7 7) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
8 8) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
9 9) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
10 10) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
11 11) дефектолог;
12 12) біліктілігі жоғары деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер;
13 13) біліктілігі орташа деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер;
14 14) кітапханашы;
15 15) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент.
3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме және мемелекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;
2 2) мемлекеттік мекеме және мемелекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинеттің (орталықтың), психологиялық-медициналық-педагогикалық концультация кабинеті, мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы және басшысының орынбасары;
3 3) мемлекеттік мекеме және мемелекеттік қазыналық кәсіпорынның филиалының, институттың басшысы (меңгерушісі, директоры) және басшысының (меңгерушісінің, директорының) орынбасары;
4 4) мемлекеттік мекеме және мемелекеттік қазыналық кәсіпорынның оқыту бөлігінің басшысы (меңгерушісі);
5 5) оқу-өндіріс щеберхананың басшысы (меңгерушісі);
6 6) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
7
7) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері;
8 8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушы-шебері;
9 9) әлеуметтік педагог;
10 10) педагог-ұйымдастырушы;
11 11) қосымша білім беретін педагог;
12 12) педагог-психолог;
13 13) тәрбиелеуші, тәрбиешінің көмекшісі;
14 14) жоғары оқу орнының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, жоғары оқу орнының аға атқарушысы;
15 15) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
16 16) мәдени ұйымдастырушы, көркемдік жетекші;
17 17) логопед;
18 18) педагог-психолог, психолог;
19 19) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;
20 20) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), аккомпониатор (негізгі қызметтердің), концертмейстер (негізгі қызметтердің);
21 21) жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің);
22 22) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);
23 23) тәлімгер;
24 24) кітапханашы;
25 25) мейірбике (мейіргер);
26 26) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман,әлеуметтік жұмыс жөніндегі (кеңесші) консультант;
27 27) емдәмдік мейірбике;
28 28) хореограф (негізгі қызметтердің), хореограф;
29 29) аудармашы;
30 30) әдіскер (негізгі қызметтердің), әдіскер;
31 31) зертханашы.
4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1
1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшылары, мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары; мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы; мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын филиалының (сектор, тобы, бөлімі, зертханасы) басшысы, мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі, мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көркемдік жетекшісі, кітапхана, студия басшысы және басшысының орынбасары;
2 2) архив қоймасының меңгеруші;
3 3) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның режиссерлық, музыкалық бөлім, көркемдік қойылым бөлімі, өндірістік шеберхана, концерттік зал, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертхана меңгерушісі (басшысы);
4 4) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас: әкімші, қорларды сақтаушы, режиссер;
5 5) экскурсовод, ғылыми қызметкер, музейлер қорын есепке алу архивисті;
6
6) музыкалық жетекші, аранжировщик, аккомпаниатор, балетмейстер, кітапханашы, библиограф, хормейстер, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы суретші, дыбыс режиссері, барлық атаудағы техниктер, режиссер, суретші – реставратор, суретші, әкімші (негізгі қызметтер), кезекші әкімші, хореограф, редактор, мұрағатшы;