Об определении перечня работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняются единым организатором государственных закупок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняются единым организатором государственных закупок
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 08/04
- Қабылданған күні
- 16.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2019 110358_402259.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KG004162
- ЭКБ идентификаторы
- 110358
- Редакция идентификаторы
- 110358_402259
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:10
0 Мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыруды және өткізуді
мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге
асыратын жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтердің
тізбесін анықтау туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8 бабы 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындығын арттыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Саран қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 16 ақпандағы
№ 08/04 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Рет №-і
Атауы
1.
Жұмыстар:
1.1
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жана нысандар құрылыс немесе бар нысандардың қайта құру жұмыстары
1.2
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде қалалық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары
1.3
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жана нысандар құрылыс немесе бар нысандарға қайта құру жұмыстары өткізуге жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу
1.4
қалалық маңызы бар автокөліктер жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу
2.
Қызметтер
2.1.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандардың құрылысы және қайта құру жұмыстарды кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық бақылау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
2.2
қалалық маңызы бар автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық бақылау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету