Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/02
- Қабылданған күні
- 27.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2021 110367_505605.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KL004172
- ЭКБ идентификаторы
- 110367
- Редакция идентификаторы
- 110367_505605
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:00
0 Мүгедектер үшін
жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 3%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шұбайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 27 ақпандағы
№14/02 қаулысына
қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектер үшін жұмыс орындары
ның саны
(адам)
1.
«Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
289
4
11
2.
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «№132 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
134
3
4
3.
«Жаңаарқа-жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
173
3
5