Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06/28
- Қабылданған күні
- 07.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 110408_508056.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KF004163
- ЭКБ идентификаторы
- 110408
- Редакция идентификаторы
- 110408_508056
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:16
0 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарды квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Ұйымдардың жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 06/28 қаулысының
қосымшасы
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Реттік №
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін қажет саны (адам)
1.
"Күншуақ" № 33 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
58
2
1
2.
"Нұрбөбек" № 5 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
60
2
1
3.
"С.Сейфуллин атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекеме
90
2
2
4.
"Сәтбаев қаласының № 1 мектеп -гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекеме
130
3
4
5.
"Абай атындағы № 4 мектеп - лицей" коммуналдық мемлекеттік мекеме
145
3
4
6.
"№ 9 жалпы білім беру мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекеме
74
2
1
7.
"№ 19 жалпы білім беру мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекеме
106
3
3
8.
"Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестік
193
3
6
Барлығы
856
-
22