Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации
- Атауы (қаз.)
- Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06/30
- Қабылданған күні
- 07.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2019 110410_409781.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KF004165
- ЭКБ идентификаторы
- 110410
- Редакция идентификаторы
- 110410_409781
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:16
0 Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарды квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Ұйымдар тізбесіне енгізілген Сәтбаев қаласының жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 (алты) ай ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 06/30 қаулысының
қосымшасы
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Сәт Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
306
2
6
2
«Рудсервис К» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
118
2
2
3
«Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
467
2
9
Барлығы
891
-
17