Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Қаулы · № 06/29 · қабылданған 07.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110419/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған Қаулы ·№ 06/29 ·07.02.2017
29.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Күшін жойған Қаулы ·№ 06/29 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Атауы (қаз.)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06/29
Қабылданған күні
07.02.2017
Көрсетілген редакция
29.05.2019 110419_409775.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17KF004164
ЭКБ идентификаторы
110419
Редакция идентификаторы
110419_409775
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:15

0 Бас бостандығынан айыру

орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарды квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Сәтбаев қаласының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Ұйымдар тізбесіне енгізілген Сәтбаев қаласының жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 (алты) ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Сәтбаев қаласы әкімдігінің

2017 жылғы «7» 02
№ 06/29 қаулысының
қосымшасы
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Реттік №
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Сәт Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
306
2
6
2
«Рудсервис К» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
118
2
2
3
«Сәт Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
100
2
2
4
«Сары Арқа Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
64
2
1
Барлығы
588
-
11

Қолданыстағы