О признании утратившими силу некоторых решений Баянаульского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Баянаульского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 80/14
- Қабылданған күні
- 07.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2017 110436_166200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PE005408
- ЭКБ идентификаторы
- 110436
- Редакция идентификаторы
- 110436_166200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:51
0 Баянауыл аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жою деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 7 – бабының 5 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4 Баянауыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Баянауыл аудандық мәслихатының
2017 жылғы 07 наурыздағы
№ 80/14 шешіміне қосымша
Баянауыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Баянауыл ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 322/52 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 4869 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2016 жылғы 15 қантардағы № 3 санында және 2016 жылғы 22 қантардағы № 4 санында жарияланған);
2
2. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы «Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезекті LII сессия) 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 322/52 «Баянауыл ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 333/55 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 ақпанда № 4937 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2016 жылғы 11 наурыздағы № 11 санында және 2016 жылғы 18 наурыздағы № 12 санында жарияланған);
3
3. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі «Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезекті LII сессия) 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Баянауыл ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 322/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 10/02 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 5 сәуірде № 5047 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16 санында жарияланған);
4
4. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 мамырдағы «Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезекті LII сессия) 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Баянауыл ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 322/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 16/03 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 16 мамырда № 5120 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2016 жылғы 27 мамырдағы № 22 санында және 2016 жылғы 3 маусымдағы № 23 санында жарияланған);
5
5. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі «Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезекті LII сессия) 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Баянауыл ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 322/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 24/05 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 4 тамызда № 5192 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2016 жылғы 19 тамызда № 34 санында жарияланған);
6
6. Баянауыл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 7 қыркүйектегі «Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Баянауыл ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 322/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 36/09 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте № 5236 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 39 санында жарияланған);
7
7. Баянауыл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 қарашадағы «Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Баянауыл ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 322/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 50/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 30 қарашада № 5283 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 50 санында жарияланған);
8
8. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Баянауыл ауданының 2016–2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 322/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 64/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 5302 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 53 санында жарияланған);
9
9. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі «Баянауыл ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» № 204/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте № 4030 болып тіркелген, «Баянтау» аудандық газетінде 2014 жылғы 10 қазандағы № 41 санында жарияланған).