Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Жаксынском районе

Өзге акт · № 6ВС-10-5 · қабылданған 14.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110499/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Жаксынском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 6ВС-10-5 ·14.02.2017
03.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Жаксынском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6ВС-10-5 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Жаксынском районе
Атауы (қаз.)
Жақсы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6ВС-10-5
Қабылданған күні
14.02.2017
Көрсетілген редакция
03.07.2020 110499_470811.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BM005826
ЭКБ идентификаторы
110499
Редакция идентификаторы
110499_470811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:11

0 Жақсы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жақсы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жақсы ауданының әкімі
____________Қ.Сүйіндіков
2017 жыл «_14_»_02_

3 Жақсы аудандық мәслихатының

2017 жылғы «14» ақпандағы
№ 6ВС-10-5 шешіміне
қосымша
Жақсы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

1

1. Жақсы ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Жақсы ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды, митингілерді өткiзу орны анықталсын:

1 1) Жақсы ауылы, Дружба көшесі бойынша орталық алаң.

3 3. Жақсы ауданының аумағында шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі бағыт анықталсын:

1 1) 30 лет Победы көшесі бойынша Жақсы ауылының «Уәли» мешітінен бастап Дружба көшесі бойынша орталық алаңға дейін.

4 4. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындарында:

1 1) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, дыбыстық/бейне) қолдануға, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, кімге де болмасын тіл тигізетін көпшілік алдында сөз сөйлеулерге;

2 2) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға жол берілмейді.

5 5. Қоғамдық тәртіп пен пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) әр түрлі жекелеген пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрініп тұруы қажет;

2 2) бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жекелеген пикеттерді өткізуге жол беріледі.

6 6. Пикетке шығушыларға рұқсат етіледі:

1 1) пикет өткізілетін объектінің жанында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;

3 3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айқайлап айтуға.

7

7. Егерде, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Жақсы ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Қолданыстағы