Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 87
- Қабылданған күні
- 18.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2021 110526_579585.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VB004883
- ЭКБ идентификаторы
- 110526
- Редакция идентификаторы
- 110526_579585
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:25
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақша, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сәйкес мөлшерде белгіленсін.
2 2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» әкімдіктің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 748 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
4557 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдедегі № 52 «Семей таңы»,
2016 жылғы 1 шілдедегі № 52 «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. В. Шароваға жүктелсін.
4 4. Осы әкімдік қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Қала әкімдігінің
2017 жылғы «18» қантар
№ 87 қаулысына
қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны
бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден артық адам
4