Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Акжаикского районного маслихата» и его описания

Ереже · № 9-7 · қабылданған 10.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110549/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Акжаикского районного маслихата» и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 9-7 ·10.03.2017
02.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Акжаикского районного маслихата» и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 9-7 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Акжаикского районного маслихата» и его описания
Атауы (қаз.)
«Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9-7
Қабылданған күні
10.03.2017
Көрсетілген редакция
02.10.2020 110549_484845.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ZB004735
ЭКБ идентификаторы
110549
Редакция идентификаторы
110549_484845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:49

0 «Ақжайық аудандық мәслихат

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидаларын
және оның сипаттамасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары;

2 2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А.Б.Ашабаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Ақжайық аудандық

мәслихатының 2017 жылғы 10
наурыздағы № 9-7 шешіміне
1-қосымша
«Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Ақжайық аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерін беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Қызметтік куәлік бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

4 4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5 5. Қызметтік куәлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (басшының) қолы қойылып беріледі.

6 6. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшілеріне лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда 2 жыл мерзіміне беріледі.

Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына (бұдан әрі-есеп журналы) қол қояды.

7 7. Қызметтік куәліктер және есеп журналы аудандық мәслихат аппараты басшысының сейфінде сақталады.

8 8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі жөнінде түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 6 - тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті аудандық мәслихат аппаратының басшысы қайтарып алады.

9 9. Аудандық мәслихат аппараты басшысы жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігін салыстырып тексеру жүргізеді.

10 10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппараты басшысы жүзеге асырады.

11 11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу аудандық мәслихат аппараты басшысына жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

12 12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша аудандық мәслихат аппараты басшысы қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесін қарайды.

13 13. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлік қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін, аудандық мәслихат аппаратымен беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған кезде қызметтік куәлікті аудандық мәслихат аппараты басшысына тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беруге жауапты адамның қолы қойылады.

15 15. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы жою туралы тиісті акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

24 «Ақжайық аудандық

мәслихат аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
Қағидаларына қосымша
нысан
«Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Те­гі, Аты,
Әке­сі­нің
аты (бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Бе­рі­л­ген кү­ні
Ал­ға­ны жө­нін­де­гі же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­стыр­ға­ны және тап­сыр­ға­ны (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы) ту­ра­лы бел­гі
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­ме­рі мен кү­ні)
Ес­керт­пе
Ескертпе: «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және аудандық мәслихат аппараты басшысының қолымен және аудандық мәслихат аппаратының мөрімен расталады.

25 Ақжайық аудандық

мәслихатының
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 9-7 шешіміне
2-қосымша
«Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасы

1 1. Қызметтік куәліктің мұқабасы көлемі 19 х 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде), көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан тұрады.

2 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен «АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ» мемлекеттік мекемесі деген жазу жазылған.

3

3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғары бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЗАПАДНО–КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ, АКЖАИКСКИЙ РАЙОН» деген жазулар, одан төмен, мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналастырылған.

4 4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (басшының) қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы.

5 5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Қолданыстағы