Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 67 · қабылданған 07.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110550/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 67 ·07.03.2017
07.03.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 67 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
67
Қабылданған күні
07.03.2017
Көрсетілген редакция
07.03.2017 110550_167781.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17Z0004729
ЭКБ идентификаторы
110550
Редакция идентификаторы
110550_167781
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:51

0 Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2

2. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.А.Асантаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 2017 жылғы «7» наурыздағы №67

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

1 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы

№148 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы
№80 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері» жөніндегі қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3026 тіркелген,
2009 жылғы 11 маусымда «Орал өңірі» газетінде жарияланған) қаулысы;

2 2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы

№125 «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3579 тіркелген, 2014 жылғы 19 шілдедегі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысы;

3 3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы

№ 46 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы
№125 «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4306 тіркелген, 2016 жылғы
8 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

Қолданыстағы