Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аршалынском районе

Өзге акт · № 12/5 · қабылданған 10.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110554/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аршалынском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 12/5 ·10.02.2017
22.09.2023 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аршалынском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 12/5 · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аршалынском районе
Атауы (қаз.)
Аршалы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12/5
Қабылданған күні
10.02.2017
Көрсетілген редакция
22.09.2023 110554_655648.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BD005825
ЭКБ идентификаторы
110554
Редакция идентификаторы
110554_655648
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:12

0 Аршалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Аршалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

3

3. Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы 43/4 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4846 тіркелген, аудандық «Аршалы айнасы», «Вперед» газеттерінде 2015 жылдың 10 шілдесінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

4 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі А. Тайжанов
2017 жылғы 10 ақпан

5 Аршалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Аршалы аудандық мәслихатының
2017 жылғы 10 ақпандағы
№ 12/5 шешіміне
қосымша
Аршалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Аршалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік–еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына мүгедектігі бар әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы