Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохраной полосы правого берега Бухтарминского водохранилища для объекта «Строительство мостового перехода через Бухтарминское водохранилище в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области»

Қаулы · № 56 · қабылданған 07.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110662/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохраной полосы правого берега Бухтарминского водохранилища для объекта «Строительство мостового перехода через Бухтарминское водохранилище в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 56 ·07.03.2017
07.03.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохраной полосы правого берега Бухтарминского водохранилища для объекта «Строительство мостового перехода через Бухтарминское водохранилище в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 56 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохраной полосы правого берега Бухтарминского водохранилища для объекта «Строительство мостового перехода через Бухтарминское водохранилище в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы» объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
56
Қабылданған күні
07.03.2017
Көрсетілген редакция
07.03.2017 110662_167491.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0004915
ЭКБ идентификаторы
110662
Редакция идентификаторы
110662_167491
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:51

0 «Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданындағы Бұқтырма
су қоймасы арқылы өтетін көпір
өткелінің құрылысы» объектісі үшін
Бұқтырма су қоймасының оң
жағалауының су қорғау аймағыжәне
су қорғау белдеуін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы» объектісі бойынша Бұқтырма су қоймасының сол және оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуін белгілеу» жобасына сәйкес, су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырмасу қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы» объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырмасу қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы» объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы» объектісі бойынша Бұқтырма су қоймасының сол және оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршімауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Р. Сүлейменов
2017 жылғы «10» наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2017 жылғы «9» наурыз

7 «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырмасу қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы» объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы «7» наурыздағы
№ 56 қаулысына
қосымша
«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырмасу қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы» объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы,
км
Ауданы,га
Ені,м
1
2
3
4
5
6
7
Бұқтырма су қоймасының оң жағалауы
1,0
113,94
500
1,22
4,4
35
Атауы жоқ бұлақ:
3,522
12,7
35
Сол жағалау
500
1,742
6,4
35
Оң жағалау
0,923
44,45
115-460
1,78
6,3
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы» объектісі бойынша Бұқтырма су қоймасының сол және оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуін белгілеу» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы