Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 107 · қабылданған 13.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110673/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 107 ·13.02.2017
10.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 107 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
13.02.2017
Көрсетілген редакция
10.01.2024 110673_682760.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014918
ЭКБ идентификаторы
110673
Редакция идентификаторы
110673_682760
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:11

0 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде ұсталатын адамдардың
есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 134) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы тіркелген бұйрықты алғаннан кейін он жұмыс күн ішінде оның баспа және электронды түрдегі көшірмелерін бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы А.Х. Базылбековке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 13 ақпандағы
№ 107
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын
адамдардың есебін жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (бұдан әрі - мекеме) ұсталатын адамдардың (бұдан әрі - сотталғандардың) есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
Мекемелерде ұсталатын сотталғандардың есебін жүргізу:

1 1) жеке және сандық есебін жүргізуді жүзеге асыруды;

2 2) есепке алу құжаттарын ресімдеу және жүргізуді;

3 3) айдауылдауға құжаттарды дайындауды;

4 4) есепке алу құжаттарын беруді көздейді.

2 2. Сотталғандарды есепке алу мекемелердің арнайы есепке алу бөлімі (бөлімшесі, тобы) жүзеге асырады(бұдан әрі - арнайы есепке алу бөлімі).

3

3. Сотталғандарды есепке алу құжаттары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі - ҚСжАЕК) жолданады.

4 4. Арнайы есепке алу бөлімінің үй-жайлары мекеменің әкімшілік ғимаратында орналасады және терезелері темір торлармен, сигнализациямен және бөгде адамдардың кіруін шектейтін тосқауылдармен жабдықталады, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптары сақталады.

Есепке алу құжаттамасын сақтау үшін металл шкафтармен және сейфтермен қажетті көлемде қамтамасыз етіледі, жұмыстан тыс кезде арнайы есепке алу бөлімінің үй-жайлары мөр басып жабылады және күзетпен қамтамасыз етіледі.

5 5. Сотталғандарды арнайы есепке алу бөлімінде жұмыс істеуге тартуға жол берілмейді.

2 2-тарау. Сотталғандарды есепке алу

6 6. Мекемелерге сотталғандарды қабылдау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес жүргізіледі.

7 7. Арнайы есепке алу бөлімі:

мекемеге қабылданған әрбір сотталған туралы мәліметтерді сотталғандардың қозғалысын есепке алуға және жеке істерін тіркеуге арналған журналға (бұдан әрі - журнал) еркін нысанда жазады;
әрбір сотталғанға жеке іс арнайды;
Бұл ретте, жеке істерді есепке алу жазбалары жариялауға жатпайды және кәсіптік міндеттері осындай есепке алу деректеріне қолжетімділіктің болуын талап ететін адамдарға ғана ұсынылады.
екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына (бұдан әрі – ОАДҚ) сотталғандар туралы және бір тәулік ішінде – жазалардың орындалуы туралы мәліметтерді енгізеді.

8 8. Мекемеге келгені әрбір сотталған туралы арнайы есепке алу бөлімі екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа, оның зайыбына (жұбайына), сотталғанның таңдауы бойынша туыстарының біріне немесе заңды өкіліне (бұдан әрі – заңды өкілдер) хабарлама жібереді.

Шетелдіктің келіп түскені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жіберіледі.

9 9. Мекемелерде сотталғандарды есепке алу:

1 1) жеке:

журнал бойынша;
есепке алу карточкасы бойынша;
сотталғанның жеке ісі бойынша.

2 2) сандық сотталғандардың қозғалысы туралы бес күндік есеп бойынша жүргізеді.

10

10. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік карточкалар мекемеге келіп түскен сотталғандардың жеке істеріндегі құжаттардың негізінде толтырылады. Есептік карточкаларда жазаны өтеудің бір жағдайынан басқаларына ауыстырылған күні көрсетіледі. Есепке алу карточкалардан картотека құрылады.

11 11. Есептен шығарылған сотталғандардың есептік карточкалары картотекадан алынады. Оларға сотталғандарды есептен алу негіздемесі туралы белгілер қойылады. Есептен шығарылған карточкалардан мұрағаттық картотека құрылады.

12

12. Егер сотталған некеге тұруына байланысты тегін өзгерткен болса, оған жаңадан таңдаған тегі бойынша сигналдық карточкасы толтырылады. Есептік карточкасына жаңа тегіне сигналдық карточканың бар екені туралы белгі қойылады. Сотталғанмен некені бұзған және оған некеге дейінгі тегі берілген жағдайда сигналдық карточкасы оған тиісті белгілер жасағаннан кейін мұрағаттық картотекаға ауыстырылады.

13

13. Мекемеге келіп түскен әрбір сотталғанға мерзім өтегеннен кейін уақытылы босатылуын немесе шартты түрде мерзімінен бұрын (бұдан әрі - ШТМББ), жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру (бұдан әрі - ЖЖТА) немесе қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге (бұдан әрі - ҚБТМ) ауыстыруға ұсыну мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау - мерзімдік карточка құрылады. Бұндай карточкалардан бақылау - мерзімдік картотекасы құрылады.

14 14. Әр жылдың аяғында мекеменің бақылау - мерзімдік картотекасынан, ерекше бақылауға алу үшін келесі жылы босатылатын сотталғандардың карточкалары бөлек алынып, жаза мерзімінің аяқталу күні бойынша (айы, күні) орналастырылады.

15 15. Сотталған басқа мекемеге айдауылданған, босатылған немесе қайтыс болған жағдайда бақылау-мерзімдік карточка картотекадан алынып жеке іске салынады.

16 16. Ағымдағы жылы 18 жасқа толатын сотталғандарға бақылау карточкасы толтырылады, олардан бір жылға картотека құрастырылады. Карточкалары 18 жасқа толу күні бойынша (айы, күні) орналастырылады.

17 17. Сотталғанға жаза мерзімінің өзгергені туралы құжат алған жағдайда есепке алу және бақылау-мерзімдік карточкаларында тиісті белгілер қойылады.

18 18. Сотталғандардың түгелдігі және қозғалысы туралы мәліметтер есепте тұрған адамдардың мәліметтері және өткен тәуліктерде келіп түскен және шығып кеткендердің құжаттары негізінде күн сайын 00 сағатта өткен тәуліктерге жасалады.

Мекемеге сот үкімімен белгіленген режим түріне сәйкес емес, қате келіп түскен сотталғандар мекеменің есебіне алынбайды, тиісті мекемелерге айдауылдау туралы шешім қабылданғанға дейін кезекші бөлімге есепке алынады.

19 19. Сотталғандарды сандық есепке алу көрсеткіштері сотталғандарды жеке есепке алу құжаттарының санына және мекемеде нақты болуына сәйкес болады.

20 20. Басқа мекемеге кеткен, қайтыс болған, босатылған немесе мекемеден қашып кеткен сотталғандар мекеменің есебінен алынып тасталады. Бұл ретте, қашып кеткен сотталғанды есептен алу үшін қылмыстық істі жүргізетін органдардың іздестіру жариялау туралы қаулысы негіз болып табылады.

3 3-тарау. Мекемеде сотталғандардың жеке ісін жүргізу

21

21. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке іс сотталғанның негізгі есепке алу құжаты болып табылады. Жеке іс екі бөлімнен тұрады және белгіленген нысандағы мұқабаға қалыптастырылады. Жеке істе сотталғанның жеке басын куәландыратын, оны мекемеде ұстауға және одан босатуға негіз болған құжаттардан құралады.

22 22. Жеке істер сотталғандардың қозғалысын журналда тіркеледі.

23

23. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғанның жеке ісі бойынша анықтамасы сотталғанды ауыстыруға арналған материалдарға қоса беріледі, сондай-ақ сотталғанды айдауылдаған кезде жеке ісі бар конвертке салынады. Сотталғанның жеке ісі бойынша анықтама жеке іс тізімдемесіне енгізілмейді.

24 24. Сот құжаттары бойынша қандай да бір түсінбеушілік анықталған кезде соттан түсіндірме немесе құжаттың түзетілген (толықтырылған) көшірмесі сұратылады.

25 25. Сотталғанның жеке ісінен атқару парағы - бухгалтерияға, медициналық карта - мекемеде орналасқан медициналық ұйымға тапсырылады. Атқару парақтары мен медициналық карта жеке істегі тізімге қол қою арқылы беріледі.

26 26. Сотталғанның жеке ісіне мынадай материалдар:

1 1) мінез-құлық дәрежесі туралы қорытындылары бар мінездеме және сотталғанның мінез-құлқының дәрежесі туралы Жасақ тәрбиешілері кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;

2 2) мекеме комиссиясының сотталғандарды жазасын өтеудің бір жағдайынан басқаларына ауыстыру не бір жағдайда қалдыру, сондай-ақ мінез-құлық дәрежесін беру туралы хаттамасынан үзінді;

3 3) сотталғанды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстың нәтижелері тіркеледі.

27 27. Сотталғандардың жеке істері сейфтер мен металл шкафтарда әліпбилік тәртіпте сақталады.

28 28. Жеке істер уақытша пайдалану үшін (үш тәуліктен аспайтын мерзімге) мекеменің жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлеріне беріледі. Жеке істерді беру және қайтару қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) және уақытын көрсете отырып журналда қол қою арқылы жүргізіледі.

29 29. Сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзіміне алдыңғы үкім бойынша өтелмеген толық немесе ішінара жаза қосылған, сотпен ШТМББ күші жойылған, ЖЖТА сотталғандарға қолданыстағы жеке істерге қосу үшін мұрағаттық жеке істері сұратылады.

30 30. Қашып кеткен адамдардың жеке істері оларды одан әрі есепке қоя және сақтай отырып, мекеменің жедел бөліміне беріледі және арнайы есепке алу бөлімінің есебінен алынады.

4 4-тарау. Босатылуға және жаза мерзімін қысқартуға жататын адамдарға құжаттарды ресімдеу

30-1 30-1. Өтелмеген талап-арыздары бар сотталған адам босатылғанға дейін бір ай бұрын мекеме әкімшілігі азаматтық талапкерді жаза мерзімін өтеуі бойынша оны босату туралы, ал басқа негіздер бойынша босатылған кезде - сот шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді»

Мекеменің әкімшілігі өтелмеген талап-арыздары бар сотталғанның жаза мерзімін өтеуіне байланысты босатылуына бір ай қалғанда, ал өзге негіздермен босатылғанда – сот шешімді қабылдағаннан кейін екі жұмыс күннен кешіктірмей бұл жөнінде азаматтық талапкерді хабардар етеді.

31 31. Сотталғандарды босату туралы құжаттар, олар мекемеге келіп түскен күні орындалады.

32 32. Соттан сотталғанды босату немесе сотталғанды жазалау мерзімінің қысқартылғаны туралы құжаттардың түпнұсқасын алғаннан кейін, осы құжаттың жеке істегі материалдармен сәйкестігіне тексеріс жүргізіледі.

Босату немесе жаза мерзімін қысқаруы туралы туралы құжаттың түпнұсқалығында күмән туған жағдайда жаңа құжат немесе шешім шығарған органнан босату немесе жаза мерзімін қысқаруы туралы құжаттың шынайылығы туралы растау алуға шұғыл шаралар қабылданады.

33 33. Босатуға немесе жаза мерзімін қысқаруы туралы құжаттар, егер онда көрсетілген адамдар мекемеден басқа бас бостандығынан айыру орындарына кетсе, фельдъегер байланысымен немесе арнайы поштамен осы адамдар кеткен жерге дереу жіберіледі.

34 34. Босату немесе жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы құжаттар тиісті сотталғанға қол қою арқылы хабарланады.

Мекеме, бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазамен ауыстырылған, сотталғанның кеткен орны бойынша пробация қызметіне бір тәулік ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхатты, сот шешімдерінің көшірмелерін, босатылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттарды жолдайды, олар пакетке салынады.

35

35. Арнайы есепке алу бөлімі жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi Республикалық психиатриялық ауруханаға жөнелтілетін психикалық науқастардың босату туралы анықтамалары олардың жеке құжаттарымен, сот шешімдерінің және сот-психиатриялық сараптама актілерінің көшірмелерімен бірге аурухана әкімшілігіне, ал қатаң бақыланатын психиатриялық ауруханаға айдауылданатын адамдардікі жеке істерімен бірге осы ауруханаларға жібереді.

36

36. Сотталғандарға қатысты босату немесе жазалау мерзімін қысқарту туралы, ЖЖТА немесе жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлерге жазасын өтеуді кейiнге қалдыру туралы сот қаулылары осы адамның кеткен жері бойынша пробация қызметіне, ал ШТМББ босатылған жағдайда ішкі істер органдарына жолданады.

37 37. Сотталған босатылғаннан кейін оның жеке ісі босатылғаны туралы құжаттарымен қоса мұрағатқа тапсырылады.

38

38. Сотталғандардың уақытылы босатылуын қамтамасыз ету және сотталғандардың жеке істерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жылына екі рет, қаңтардың және шілденің бірінші жұмыс күні сотталғандардың жеке істеріндегі құжаттардағы бас бостандығынан айыру мерзімі туралы мәліметтерді, есепке алу және бақылау - мерзімдік карточкаларындағы жазалардың мерзімдері туралы және ОАДҚ-дағы деректермен салыстыру жүргізіледі, сондай-ақ жылына кемінде бір рет сотталғандардың жеке істері мен карточкалары сотталғандардың мекемедегі нақты болуымен салыстыру жүргізіледі.

39

39. Салыстыру нәтижелері туралы бақылау парағында салыстырудың өткізілген күні туралы белгі қойылады және салыстыруды өткізген қызметкердің тегі көрсетіледі, екі данада еркін нысанда акті жасалады, оның біреуі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі департаменттеріне (бұдан әрі - ҚАЖД) жолданады.

5 5-тарау. Сотталғанның қайтыс болуы және жерленуі туралы құжаттарды ресімдеу

40 40. Сотталғанның қайтыс болғаны туралы прокурорға, қайтыс болған адамның заңды өкілдеріне дереу хабарланады. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам қайтыс болған жағдайда ол туралы қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне хабарланады.

41

41. Сотталғанды қайтыс болуына байланысты есептен алу дәрігер жасаған қайтыс болуы туралы анықтама негізінде жүргізіледі және есепке алу карточкасында қайтыс болғаны туралы белгі қойылады. Бұндай жағдайда карточка түгелдігін есепке алу-анықтамалық картотекасынан алынады және шығып кеткендердің есепке алу-анықтамалық картотекасына қайта салынады.

42 42. Қайтыс болған адамның заңды өкілдері келмеген жағдайда немесе олар болмаған жағдайда аумағында мекеме орналасқан жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген қайтыс болғаны туралы жазбаша хабарлама бір тәулік ішінде жіберіледі.

43 43. Шетел мемлекетінің азаматы, азаматтығы жоқ адам болып табылатын сотталғанның заңды өкілдері келген жағдайда мәйітті беру үшін прокуратурадан рұқсат сұратылады.

44 44. Егер қайтыс болған адамның денесі заңды өкілдерімен сұратылмаса, онда оны жерлеу жергілікті зиратта жүргізіледі. Жерлеу мерзімін әрбір нақты жағдайда мекеменің бастығы белгілейді.

45 45. Қайтыс болған сотталғанның жеке ісіне:

1 1) жергілікті атқарушы органға қайтыс болғаны туралы жолданған хабарламаның көшірмесі;

2 2) қайтыс болғаны туралы туыстарына жолданған хабарламаның көшірмесі;

3 3) қайтыс болғаны туралы медициналық құжаттың көшірмесі;

4 4) жазатайым жағдай туралы акті (егер жазатайым жағдай салдарынан қайтыс болса);

5 5) тергеу материалдары (егер зорлық-зомбылық немесе өзіне өзі қол жұмсау салдарынан қайтыс болса);

6 6) медициналық ашып қарау актісі (егер жүргізілсе);

7 7) мәйітті жерлеу туралы немесе заңды өкілдеріне беру туралы акті;

8 8) қайтыс болған адамның жеке заттарын, ақшасын және бағалы заттарын заңды өкілдеріне беру (салып жіберу) туралы түбіртек, жергілікті атқарушы органның қайтыс болғаны туралы анықтамасы тіркеледі.

46 46. Жерлеу туралы барлық мәліметтер еркін нысандағы журналға тіркеледі, ол арнайы есепке алу бөлімінде сақталады. Тиісті ресімдеуден кейін жеке іс сақтау үшін мекеменің мұрағатына тапсырылады.

47 47. Мекемеден босатылатын сотталғандарға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босатылғаны туралы анықтама беріледі.

1 №________ есептік карточкасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде
ұсталатын адамдардың есебін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
нысан
№________ есептік карточкасы
№___________________ жеке іс Бұрын бас бостандығынан айыру
орындарында жаза өтеді ме (ия, жоқ)
1. Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)___________________________________
2. Туған жылы_____________________________________________________
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің _________баптары
бойынша тартылады
4. Бұрын ________ рет сотты болған _______________________________
5. Тергеу изоляторына келген күні 20 жылғы__ «___»______________
6. 20 жылғы__ «__»______________ сотталған
7. Сот белгіленген мекеме түрі ___________________________________
8. Ұстау жағдайы _________________________________________________

2 Бақылау-мерзімдік карточкасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде
ұсталатын адамдардың есебін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
нысан
Бақылау-мерзімдік карточкасы
1. Мерзімінің аяқталуы 20__жылғы «____»____________________________
2. Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________________________________
3. №_________________________________ жеке іс
4. Мерзімдер:
ШТМБ 20__жылғы «__»_____________________
ЖЖТА 20__жылғы «__»_____________________
ҚБТМ 20__жылғы «__»_____________________
Карточканы құрастырған
__________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)
__________________________________________________________________
(Өлшемі 140х95 миллиметр)

3 (бірінші мұқабаның сыртқы жағы) Сотталғанның жеке ісі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінде ұсталатын
адамдардың есебін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
нысан
(бірінші мұқабаның сыртқы жағы)
Сотталғанның жеке ісі
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________
Басталды 20__жылғы «___»_________
Аяқталды 20 __жылғы «___»__________
№ __________ мұрағат
Жеке істің мұқабасына басқа жазбалар жазуға тыйым салынады
(бірінші беттің ішкі жағы)
____________________________________
сотталғанның қозғалысын тіркеу
Мекеменің атауы
Мекеменің орналасқан жері
(қала, ауыл,
станция)
Болу уақыты
Жеке істі тіркеу
Келді
Кетті

1 1-бөлім

Жеке істің бірінші бөліміне мынадай құжаттар тігіледі:
бұлтартпау шараларын таңдау туралы қаулы; ұстау хаттамасы немесе күзетпен ұстауға алу туралы анықтама; қамауға алу кезіндегі хаттамасы немесе тінту актісі; қамауға алынғанның сауалнамасы; дактилоскопиялық карта; сотталған жазасын өтейтін үкімнің көшірмесі (көшірмелері); аппеляциялық, кассациялық қаулының көшірмесі немесе үкімнің заңды күшіне енгені туралы сот хабарламасы; бұрынғы соттылығының бар-жоғы туралы анықтама; үкімді орындау мәселелері бойынша сот қаулысының көшірмесі; қаулының немесе үкімді өзгерту туралы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы сот қаулысының көшірмесі (оның ішінде, ШТМБ, ЖЖТА туралы, шартты босату туралы, ауруына байланысты жазаны өтеуден босату); Қазақстан Республикасы Президентінің Кешірім жасау туралы Жарлығын орындау туралы ұйғарым; рақымшылық қолдану туралы қаулылар, хаттамалардан үзінділер және басқа да құжаттар; босату немесе үкімнді өзгерту туралы құжаттарды орындау туралы хаттардың көшірмелері; қайтыс болу туралы медициналық құжаттардың көшірмесі, жазатайым жағдай туралы акті (егер өлім жазатайым оқиға нәтижесінде болса); сот - медициналық ашып қарау актісі (егер ол жүргізілген болса), жерлеу туралы немесе мәйітті туыстарына беру туралы акті, жергілікті атқарушы органдарына және заңды өкілдеріне жіберілген сотталғанның қайтыс болуы туралы хабарламалардың көшірмесі; сотталғанның қашуы туралы хабарламалар; босату туралы анықтамалардың көшірмелері; ақшаны, заттарды және басқа да бұйымдарды, сондай-ақ ордендерді, медальдарды және құжаттарды алғаны туралы түбіртектердің (актілердің) көшірмелері; қайтыс болған адамдардың заңды мұрагеріне жеке заттарын, ақшаны және басқа да бағалы заттарды беру немесе салып жіберу туралы түбіртектер; өндірістік жарақат алғаны туралы актілері және бас бостандығынан айыру орындарында болу кезінде мүгедектік алғанын растайтын құжаттар.
Барлық құжаттар олардың келіп түсуіне қарай тігіледі және тізімге кіргізіледі.
№№
нөмірлері р/н
Құжаттың атауы
Парақтардың нөмірлері
Ескертпе

2 ----------------------------------------------------------------------------------------------

2-бөлім
Жеке істің екінші бөліміне мынадай құжаттар тігіледі:
Сотталғанның мінездемесі; ШТМБ, ЖЖТА, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру, төтенше қауіпсіз мекемесінен қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстыру, жазалау мерзімін қысқарту мәселелері бойынша материалдар, сондай-ақ осы мәселелер бойынша бақылау комиссиясының шешімдері, сотталғанды ерекше қадағалауға алудың қажеттігі туралы анықтама-бағдарлар (егер ол қашуға, есірткі пайдалануға бейім болса және тағы басқалары); көтермелеу мен жазалаулар туралы құжаттар, айдауылдану туралы қаулылар және оған құжаттар; инстанцияларға шағымдар мен өтініштерді жолдау туралы ілеспе хаттардың көшірмелері, өтініштерге жауаптар, жауап алу хаттамасы; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламау туралы қолхат; сотталғанды түзету оның мінез-құлқын, байланыстарын сипаттау үшін маңызы бар және басқа да құжаттар.
Барлық құжаттар олардың келіп түсуіне қарай тігіледі және тізімге кіргізіледі.
Белгіленген тәртіппен ресімделмеген құжаттарды, олардан үзінділерді, құжаттардың жобаларын және басқа да жұмыс материалдарын тігуге тыйым салынады.
№№
нөмірлері р/н
Құжаттың атауы
Парақтардың нөмірлері
Ескертпе
Құжаттары бар конвертті жапсыруға арналған орын
№№
нөмірлері р/н
Құжаттың атауы
Құжаттардың немесе парақтардың саны
Ескертпе
----------------------------------------------------------------------------------------------
Қолхат
Босатылған кезде маған тиесілі құжаттарды, заттарды, ақшаларды, бағалы заттарды
Толығымен алдым_____________________
(босатылғанның қолы)
20__ жылғы «__» _______
Істе барлығы ____________ парақ.
__________________________________________________________________
(істі мұрағатқа тапсыру үшін ресімделген адамның тегі, лауазымы, қолы)

4 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінде ұсталатын
адамдардың есебін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
нысан
__________________________________________________________________
(анықтаманы жасаған органның атауы)
__________________________________________________________________
20__жылғы «___» ________________
(жасалған күні)
№ ___ ілеспе тізім бойынша
№__ жеке іс бойынша анықтама
1. Сотталғанның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (егер бірнеше болса барлығын жазу керек)
__________________________________________________________________
2. Туған жылы және жері ___________________________________________
(толық мекенжайы көрсетіледі)
3. Күзетпен ұстауға дейінгі тұрған жері
__________________________________________________________________
(толық мекенжайы көрсетіледі)
4. Қайда жіберіледі _________________________________________________
(қала, мекеме атауы)
5. Қарауылмен берілетін орын
__________________________________________________________________
(станцияның, мекенжайдың атауы) қандай транзит-жөнелту пунктері арқылы өту тиіс
__________________________________________________________________
6. Айдауылдауға негіздеме
__________________________________________________________________
(наряд, бұйрық, сот немесе тергеу органының қаулысы, нөмірі, күні)
7. Санаты _________________________________________________________
(сотталған, кәмелетке толмаған, режим түрі, шет ел азаматы және тағы басқалары)
8. Қандай сот органы соттаған (қашан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініңқандай баптары бойынша, қандай мерзімге немесе қандай бап бойынша айыпталады)
__________________________________________________________________
9. Ерекше күзет керек пе және неге?
__________________________________________________________________
10. Ерекше белгілері:
__________________________________________________________________
11. Дәрігер анықтамасы:
__________________________________________________________________
1) денсаулық жағдайы туралы (дені сау, туберкулезбен ауырады, еріп жүрусіз жолда жүре алады ма)
__________________________________________________________________
2) санитарлық өңдеуден өткені туралы (күні)
__________________________________________________________________
3) мекеменің эпидемиологиялық жай-күйі туралы
__________________________________________________________________
Дәрігер ___________________________________________________________
(тегі, қолы)
Бастық____________________________________________________________
(атағы, тегі, қолы)
Фотосурет
үшін орны
Елтаңбалы
мөр орны

5 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде
ұсталатын адамдардың есебін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
нысан
мекеменің
бұрыштық мөртаңбасы
ҚАЖД пробация
қызметінің бастығы
__________________
(облыстың атауы)
_______________ қ.
Азамат(ша) ____________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_________________________________________________________________тумасы
(туған жерінің атауы)
20___жылғы «___»_______ сотталған _____________________________________
(соттың атауы)
________________________________________Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің _____________ бабы бойынша________________________
(бас бостандығынан айыру мерзімі)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, соттың қаулысымен
_______________________________________________________________________
(Жарлықтың, соттың атауы)
20___жылғы «___»___________ бас бостандығынан айырумен мерзімінің
өтелмеген бөлігі ______________________________________________________
(сот қаулысы бойынша)
_______________________________________________________________________
Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазамен ауыстырылғанын
хабарлаймыз
Осыған байланысты _____________________________________________________
азамат(ша) ____________________________________________________________
қамаудан босатылған
(тегі, аты-жөні) _________ мекенжайға кетті __________________________
(күні)
және одан пробация қызметіне бару туралы қолхат алынды.
Қосымша: қолхат, қаулы көшірмесі, ұйғарым, жеке куәлігі ______ парақта.
Мекеме бастығы _______________________
Бөлім бастығы ________________________

6 Қолхат

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде
ұсталатын адамдардың есебін
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
нысан
Қолхат
____________________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
(туған жылы)
туып өскен _________________________________________________________
мекемеден босатылғаннан кейін тұрғылықты жеріне барады
____________________________________________________________________
(тұрғылықты жерінің атауы)
____________________________________________________________________
Өзімнің тұрғылықты жеріме келгеннен кейін аумақтығы бойынша пробация
қызметіне есепке тұру үшін баруға міндеттелемін.
Сотталған __________________________________________________________
(қолы)
Қолхат алдым _______________________________________________________
(атағы, тегі, қолы)
20__ жылғы «___»______________

7 Мекемелерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде
ұсталатын адамдардың есебін
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
нысан
Мекемелерде қайтыс болған
адамның қайтыс болуы туралы хабарлама
________________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Сотталғанның өлімін тіркеуіңізді сұраймын:
1. Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ________________________________________
2. Жынысы ______________________________________________________________
3. Ұлты ________________________________________________________________
4. Қайтыс болған уақыты ________________________________________________
5. Қайтыс болған орны __________________________________________________
6.Туған жылы 20__жылғы «__»___________
7. Туған жері __________________________________________________________
(қала (аймақ), аудан, облыс, республика)
8. Жасы: _______________ жасқа толды .
9. Қамауға алынғанға дейінгі тұрғылықты жері ___________________________
(республика, облыс, қала (аймақ), аудан, көше, үй, пәтер)
Қамауға алынғанға дейінгі тұрғылықты мекенжайы бойынша _________________
жылдан бастап тұрған.
10. Отбасылық жағдайы (сызып көрсету): некеде тұр, некеде тұрмаған, жесір,
ажырасқан
11. Қамауға алынғанға дейінгі жұмыс орны _______________________________
12. Білімі (сызып көрсету): жоғары, аяқталмаған жоғары, арнайы орта,
жалпы орта, аяқталмаған орта, бастауыш және төмен
13. Қайтыс болғанын растайтын құжаттар _________________________________
(қай сот соттаған, үкім шығарылған күні)
14. Үкім шығарған сотқа қайтыс болғаны туралы актіні тіркеу нөмірі мен
күнін мына мекенжай бойынша ____________________________ хабарлауыңызды
сұраймыз.
Бастық __________________________ ___________
(мекеме атауы) (қолы)
Мөр

8 ________________ бойынша ҚАЖД ___________ мекемесінен

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде
ұсталатын адамдардың есебін
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
нысан
________________ бойынша ҚАЖД ___________ мекемесінен
босату туралы анықтама
Жеке іс №___________
Сериясы________
№ _______
босату туралы анықтаманың түбіртегі
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________
_________________
_________________
қайда кетті
_________________
_________________
_________________
_________________
Анықтаманы толтырған
қызметкердің лауазымы, тегі
__________________
__________________
__________________
__________________
_______ 20__ жылғы «_» ______________
Жеке іс ____________
Сериясы___________
№ _______
босату туралы анықтаманың
түбіртегі
Азаматқа (азаматшаға)
берілді ___________________
___________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
___________________
___________________
(күні, айы, жылы)
Туған жері
___________________
___________________
___________________
___________________
(қала,ауыл, аудан, облыс,
республика)
ұлты_________________
___________________
Отбасылық жағдайы
___________________
___________________
___________________
___________________
Әскери қызметке қатысы
___________________
___________________
Бұрын соттылығы бар
___________________
___________________
___________________
сотталғанда________
___________________
___________________
Ол 20_жылғы «__»____
бастап 20_ жылғы
«__»_______ дейін
бас бостандығынан
айыру орындарында,
күзетпен ұстау
орындарында болған ___________________
___________________
Қайдан босатылған
___________________
___________________
___________________
тұрғылықты жері бойынша келеді______________
___________________
___________________
(қала, ауыл, аудан, облысы, республика)
___________________
___________________
Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы
Фотосуретке арналған орын
___________________
___________________
(қолы)
20_жылғы «__»_______
_____________________
(қолы)
Жеке іс ____________
Сериясы___________
№ _______
босату туралы анықтаманың
түбіртегі
Азаматқа (азаматшаға)
берілді ___________________
___________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
___________________
___________________
(күні, айы, жылы)
Туған жері
___________________
___________________
___________________
___________________
(қала,ауыл, аудан, облыс,
республика)
ұлты_________________
___________________
Отбасылық жағдайы
___________________
___________________
___________________
___________________
Әскери қызметке қатысы
___________________
___________________
Бұрын соттылығы бар
___________________
___________________
___________________
сотталғанда_________
___________________
___________________
Ол 20_жылғы «__»____
бастап 20_ жылғы
«__»_______ дейін бас
бостандығынан айыру
орындарында,
күзетпен ұстау
орындарында болған ___________________
___________________
Қайдан босатылған
___________________
___________________
___________________
тұрғылықты жері бойынша келеді______________
___________________
___________________
(қала, ауыл, аудан, облысы, республика)
___________________
___________________
Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы
Фотосуретке арналған орын
Бөлім бастығы
___________________
___________________
(қолы)

Қолданыстағы