О снятии ограничительных мероприятий на территории поселка Акшатау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории поселка Акшатау
- Атауы (қаз.)
- Ақшатау кентінің аумағындағы шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 02
- Қабылданған күні
- 18.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2017 110701_168042.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KQB04187
- ЭКБ идентификаторы
- 110701
- Редакция идентификаторы
- 110701_168042
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:40
0 Ақшатау кентінің аумағындағы
шектеу іс-шараларын тоқтату
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылдың 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысының 2017 жылғы 24 ақпандағы №08-09-02/06 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ірі қара малдың құтырық ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Ақшатау кентінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Ақшатау кенті әкімінің 2017 жылғы 09 қаңтардағы «Ақшатау кентінің аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №01 шешімінің
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4097 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтардағы №02 (10623) «Шет Шұғыласы» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық банкісінде 2017 жылы 31 қаңтарда жарияланған ), күші жойылды деп танылсын .