Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества «Фонд проблемных кредитов»

Қаулы · № 167 · қабылданған 04.04.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110916/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества «Фонд проблемных кредитов» Қолданыста Қаулы ·№ 167 ·04.04.2017
04.04.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества «Фонд проблемных кредитов»

Қолданыста Қаулы ·№ 167 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества «Фонд проблемных кредитов»
Атауы (қаз.)
«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
167
Қабылданған күні
04.04.2017
Көрсетілген редакция
04.04.2017 110916_170026.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000167
ЭКБ идентификаторы
110916
Редакция идентификаторы
110916_170026
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:29

0 «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының

кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ПКҚ» АҚ) акцияларының мемлекеттік пакетін қабылдасын;

2 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ПКҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 4 сәуірдегі
№ 167 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-149-жолмен толықтырылсын:
«123-149. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-14-1 жолмен толықтырылсын:
«217-14-1. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ.».

3 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
«7. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы».

Қолданыстағы