Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения акима Хлебодаровского сельского округа

Өзге акт · № 1 · қабылданған 27.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110919/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения акима Хлебодаровского сельского округа Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·27.02.2017
27.02.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения акима Хлебодаровского сельского округа

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения акима Хлебодаровского сельского округа
Атауы (қаз.)
Хлебодар селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
27.02.2017
Көрсетілген редакция
27.02.2017 110919_171668.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CHI05374
ЭКБ идентификаторы
110919
Редакция идентификаторы
110919_171668
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:59

0 Хлебодар селолық округі

әкімінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Хлебодар ауылдық округін Сарыжар ауылдық округі және Хлебодаровка ауылын Сарыжар ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 261 шешімі мен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 440 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4123 болып тіркелген) сәйкес Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Хлебодар селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1

1) Хлебодар селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 «Хлебодар селолық округіне қарасты жаңа тұрғын үй көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-76 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша «Хлебодар», «селолық» сөздері «Сарыжар», «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша «Хлебодаровка», «Хлебодаровского» сөздері «Сарыжар», «Сарыжарского» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Сарыжар ауылдық округі көшелеріне атау беру туралы»;
кіріспе бөлігі жаңа мәтінде жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14, 16 баптарына сәйкес Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы «село», «названия» сөздері «села», «наименования» сөздерімен ауыстырылсын;

2 2) Хлебодар селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 «Хлебодар селолық округі көшелерін атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-139 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсандағы «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:

қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша «Хлебодар», «селолық» сөздері «Сарыжар», «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша «Хлебодаровка», «Хлебодаровского» сөздері «Сарыжар», «Сарыжарского» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Сарыжар ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы»;
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы «в улицу», «в переулок» сөздері «на улицу», «на переулок» сөздерімен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы