Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос руслоотводного канала ручьев Акбастау и Кызылту

Қаулы · № 55 · қабылданған 07.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-110951/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос руслоотводного канала ручьев Акбастау и Кызылту Қолданыста Қаулы ·№ 55 ·07.03.2017
07.03.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос руслоотводного канала ручьев Акбастау и Кызылту

Қолданыста Қаулы ·№ 55 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос руслоотводного канала ручьев Акбастау и Кызылту
Атауы (қаз.)
Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
55
Қабылданған күні
07.03.2017
Көрсетілген редакция
07.03.2017 110951_170698.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0004918
ЭКБ идентификаторы
110951
Редакция идентификаторы
110951_170698
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:51

0 Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Р. Сүлейменов
2017 жылғы «10» наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2017 жылғы «9» наурыз

7 Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы «7» наурыз
№ 55 қаулысына
қосымша
Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы,
км
Ауданы, га
Ені,м
1
2
3
4
5
6
7
Су арналарын бұратын канал,
сол жағалау:
ішкі шекара-
сыртқы шекара-
4,907
5,678
161,442
138,5-500,0
4,907
4,979
17,2994
35
Су арналарын бұратын канал,
оң жағалау:
ішкі шекара-
сыртқы шекара-
4,904
6,718
274,045
500,0
4,904
5,052
17,3883
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген Ақбастау және Қызылту бұлақтарының су арналарын бұратын каналдарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы